Publications

Platform -> Publications -> Publications

Қазақстан Республикасы бойынша Кеден одағының қызметін талдау original

Жаңа дан құрылған Кеден одағы қа¬зақ¬стандық өндірісшілерге Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің нарығына жол ашып, олардың мүмкіндіктерін молайтуға игі ықпал етпек. Кедендік одақ жұмысындағы атап айтарлық ең басты мәселе – Қазақстан, Ресей және Беларусь республикаларының қатысуымен құрылған Кедендік одақ аясын¬дағы шешімдер алдағы уақытта үш мем¬лекет арасындағы консенсус жолы¬мен ғана қабылданады.
Language : Қазақша
References and links
Мемлекетіміздің саясаты тұ¬тастай алғанда экономиканы көте¬ріп, халықтың әл-ауқатын жақсар¬туға, экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталып отыр. Бүгінде ең алдымен өндірілетін өнімнің, азық-түліктің сапасына назар аудару қажет. Экологиялық таза өнім өндіру, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету, сертификаттау және стандарт¬тау мәселелеріндегі көп түйткілді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Жаңа¬дан құрылған Кеден одағы қа¬зақ¬стандық өндірісшілерге Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің нарығына жол ашып, олардың мүмкіндіктерін молайтуға игі ықпал етпек. Кедендік одақ жұмысындағы атап айтарлық ең басты мәселе – Қазақстан, Ресей және Беларусь республикаларының қатысуымен құрылған Кедендік одақ аясын¬дағы шешімдер алдағы уақытта үш мем¬лекет арасындағы консенсус жолы¬мен ғана қабылданады. Кедендік одақтың негізгі міндеті – экономикалық ықпалдастықты дамыту, одақ мүшелерінің арасында еркін саудаға және үшінші елдермен тең дәрежеде сауда саясатын жүргізуге қолайлы жағдай жасау. Бұл ұлттық экономика басқамен иық тиістіре сауда жасауға, бәсекеге қабілетті болуы керек деген сөз. Яғни Кеден одағы – бәсекелестік алаңы. Біртұтас кедендік тарифтің 92 пайызы Қазақстандікінен 2-3 есе жоғары Ресейдің тариф бағамына негізделген. Жаңа ұйым комиссиясындағы бүкіл дауыстың 57 пайызы Ресейдің үлесінде, ал Қазақстан мен Беларусьтың үлесіне тигені 21,5 пайыздан. Яғни бар мәселедегі бақылау тізгіні Ресейдің қолында отыр деген сөз. Халықаралық логистиканың экспертерінің айтуынша Ресей, Қазақстан, Белорусь елінің аралығында Кеден одағының құрылуы келесі мәселелерді шешуге ықпал етті: • ел қатысушылардың шекараларын сақтап, Біріңғай кеден территориясы құрылды. • көптеген кеден шектеулердің азайғаннан және кеден одағы ішінде экспорттық декларацияларын рәсімдеуге шығындардың азаюынан одақ ішінде сауданың арттуына үлкен үміт бар. • еркін айналымға шыққан тауарлардың нормативті уақытты қысқартылды. • кеден одағы шеңберінде ел қатысушыларға лицензия, рұқсат қағаздар, СЭҚ қатысушыларға квоталардың қолдануы сияқты тарифтік емес бақылаулар қолданылмайды. Кеден одағы құралуынан бұрын уақыттын көбі тауарларды жеткізуге кететін болатын. Мысалы Белорусиядан Қазақстанға тауар жеткізген кезде кеден шекарасында кедендік рәсімдеуге кеткен көліктің тұру уақыты ұзаққа созылады. Кеден алымдары және кедендік рәсімдеуге кеткен шығындар тауардың өзіндік құнының 15 пайызына дейін жетті. Кеден одағы құрылғаннан кейін әрбір импортталанытын тауар, қай кеден бақылау пунктінен өткеніне қарамастан «кеден одағының тауары» атты статусқа ие болады. Ең біріншіден, кеден декларациясының беру күндерін айтуға болады, бұл кеден одағының заңнамасында уақытша сақтау мерзімдерімен белгіленген. Сонымен бірге бұл мерзім импорталанатын тауарларға кеден төлемдерін төлеуімен байланысты. Бұл бір жағынан, СЭҚ қатысушыларын және кеден брокерлерін уақытша сақтауда тұрған тауарларға айып төлеуден босатылады, екінші жағынан декларация беруді қайта қарастыруға негіз болады. Қатаң қарастырылған декларацияны шығару мерзімдері және ұзақ тексеру себебінен декларацияны шығарудан бас тарту, брокерлер мен СЭҚ қатысушыларды құжаттарды дайындау кезінде және берілген мәліметтерге көңіл аудару қажет болып отыр. Тауар декларациясын шығарудан бас тартқан кезде идентифицирленген артық кеден төлемдері қайтарылады. Мұнда тек қана төлемдерді қайтару уақытын ұзақтығы емес, сонымен бірге қарыздың пайда болу тәуекелі болу мүмкін. Мұнда санитарлы-эпидемиологиялық бақылаудың өткізу пунктке ауыстырылуын айтуға болады. Сонымен бірге тауармен бірге келетін қағаздарға «өтуге рұқсат» штампын қою құжаттарын ауыстырылды. Декларацияны беру мерзіміне байланысты бұл шара кедендік рәсімдеуге қажет құжаттардың төмендетуіне алып келеді. Кеден одағы пайда болғаннан кейінгі өзгерістер 2011 жылы Кеден одағы елдерінің үшінші елдермен сыртқы сауда көлемі 913 млрд. доллар құрады. Соның ішінде тауар экспорты – 586,5 млрд. доллар, импорт – 326,5 млрд. доллар құрады. Сыртқы сауда сальдосы оң көрсеткішке ие болды – 260 млрд. доллар, 2010 жылмен салыстырғанда 71,9 млрд. долларға артық. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері басшыларының ортақ ке¬лісімінен соң кедендік одақтың құры¬луы шекарадағы түрлі кедергілерге шек қойып отыр. Бұл, әсіресе, Ресейде, Бе¬лорус¬сияда өндірілген өнімдерді Қазақ¬станға тасымалдайтын кәсіпкерлер үшін тиімді болғаны даусыз. Еларалық шека¬ра¬дан тауар тасымалдаудың, әсіресе, Ре¬сеймен шекаралас отырған облыстардағы кәсіпкерлердің ісін алға бастырар болса, қазақстандық кәсіпкерлерімізге де өздері өндірген өнімдерін көрші елдерге кедергісіз өткізуіне мүмкіндік ашылды. Мәселен, Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрып, бизнесінің өрісін кеңейтуге ұмтылған кәсіпкер тауарларын осы одақ құрамындағы Беларус, Ресей елдеріне де жылжыта алады. 2010-2011 жылдары, айлар бойынша Кеден одағы елдерінің үшінші елдермен сыртқы сауда көлемі жөніндегі мәліметтер. (млрд. АҚШ доллар) Графикте көрсетілген тренд түзуі Кеден одағына мүше елдерінің сыртқы сауда көлемінің өсу тенденциясын көрсетті. Сыртқы сауданың 80 %-нан астамы, сонымен бірге жалпы экспорттың 81,5% және тауар импортының 87,2 % Ресей Федерациясына тиісілі. Мұндағы Қазақстанның үлесі сыртқы сауда 11,4 %, экспорт - 14,1 %, импорт - 6,6 % құрады, ал Белорусь Республикасы үшін сыртқы сауда 5%, экспорт - 4,4% , импорт - 6,2% көрсеткішті көрсетті. Кеден одағы экспорттайтын тауарларды сатып алушылардың негізгісі – Еуропалық Одақ (жалпы экспорттың 55,5%) саналады. Еуропалық елдердің ішінде ең көп тауарларды сатып алушы Нидерланды (ЕО экспорттының 23,2%), Италия (14,8%), Германия (11,6%), Польша (7,3%) и Франция (6,2%). Қытай нарығында сатылған тауар бағасының соммасы жалпы экспорттың 8,9 % құрады. Қалған экспорттайтын тауарлардың 8,7% ТМД елдеріне сатылды. Мұндағы Украина – 6,4% құрады. Түркия мемлекетіне жалпы экспорт көлемінің 4,8%, АҚШ-қа - 3%, Швейцарияға – 2,8%, Жапонияға – 2,7%, Оңтүстік Корея – 2,3% құрады. Кеден одағы мүшелерінің сыртқы сауда көлеміне пайыз түрінде 2011 жыл қорытындысы бойынша келесідей болды. 2011 жылы - Кеден одағы мүшелерінің сыртқы сауда көлеміне пайыз түрінде қорытындысы. Импорттық операциялар Еуропалық аймақта (жалпы тауар импортының 44%) шоғырланған. Импорт көлемінің көбі Германияға тиісілі (ЕО импортының көлемінің 29,5%), Италия (10,8%) және Франция (10%). Кеден одағының қатысушылары Қытайдан импорталынатын тауар көлемі жоғары 17%, ал ТМД елдері жалпы – 9,1%, оның ішінде Украина – 7,3%, АҚШ-қа – 5,2%, Жапонияға – 4,9%, Оңтүстік Корея – 3,8% [51]. Евростат 2011 жылдың мәліметтері бойынша АҚШ (13,8%) пен Қытайдан (13,3%) кейінгі орынға ие болып, Кеден Одағы да Еуропалық Одақтың басты әріптесі болып саналады (ЕО сыртқы сауда көлемінің 11%). ЕО нарығында тауарларды сату бойынша Кеден одағы ЕО импортының жалпы көлемінің 13,8% құрайды. Мұнда бірінші орын Қытай (17,3%), үшінші орынға АҚШ (10,9%) ие болды. ЕО экспортының 7,9% Кеден одағына тиісілі (АҚШ - (17%), ал Қытай (8,9%)). Кеден одағының үшінші елдерге экспорттың тауар құрылымында үлестің көбі минералды тауарлар ие және (Кеден одағының үшінші елдерге жалпы экспорт көлемінің - 72,6%) металл мен олардан жасалған заттар (9,3%) құрайды. Осы тауарлардың 80% сыртқы нарыққа Ресей Федерациясы өткізеді. Импорт көлемінің 46% машиналар, жабдықтар мен көлік құралдар, химиялық өнімдердің 15,3%, азық – түлік тауарлары мен ауыл шаруашылық шикізаттар 13,5%-на ие болып отыр. Кеден одағының бұл тауар көлемінің 90% Ресей Федерациясы сатып алушы ретінде көрініп отыр. Кеден одағына мүше елдердің өзара аралық сауда айналымының көлемі 2011 жылы 62,3 млрд. АҚШ доллар құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32,1% өскенін айтуға болады. Өзара сауда көлемінің 65,2% Ресей Федерациясына дәл келеді, Бедорусь Республикасынығ үлесі – 23%, ал Қазақстан Республикасының үлесі – 11,8%. 2010-2011 жылдары айлар бойынша өзара аралық сауда көлемі 9 графигте көрсетілген. 2010-2011 жылдары айлар бойынша Кеден одағы елдерінің өзара аралық сауда көлемі Берілген мәліметтерден Кеден одағы елдерінің өзара аралық сауда айналымының өсімін көріп отырмыз. 2011 жылы одаққа мүше елдердің сауда айналымы 46,4% Беларусь Республикасы құрды, сыртқы сауда айналымның 18,2% Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына 7,5% құрды. Көрсетілген мәліметтерден Кеден одағы нарығы көбінесе Белорусь Республикасы алады екенін көріп отырмыз. Өзара аралық сауда айналымында тауар құрылымының диверсификациясы үшінші елдермен сыртқы сауда айналымына қарағанда жақсы дамыған. Өнімнің көбі жоғары дәрежелі өңдеуден өткен тауарлар алады. Егер сыртқы саудада экспорттың 72,6% минералды өнімге келетін болса, өзара аралық саудада тек қана 41,1%. Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары өзарааралық саудада 19% ие болса, Кеден одағынан тыс бұл тауарлардың сату үлесі жалпы экспорттың 2,4% құрайды. Өзара аралық сауда құрылымының тауар группалары жоғары диаграммада көруге болады (қорытындыға пайызбен). Өзара сауданың тауар құрылымында 41,1% миниралды өнімдер алып отыр, оның 82% Кеден одағы нарығына Ресей Федерациясы алып келеді. Сонымен бірге көліктер, жабдықтар мен көлік құралдары өзара аралық сауданың 19% алады. Металл мен олардан жасалған бұйымдар өзара сауда айналымының 12,7%, ал азық түлік тауарлары мен шаруашылық шикізаттар 9,3% ие болды. Машина, жабдықтар, көлік құралдарының көлемі Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасында сәйкесінше 49,9% және 46,8% құрайды. Металл мен олардан жасалған бұйымдардың 63,3% Ресей Федерациядан, ал тамақ өнімдерінен Белорусь Республикасы бірінші орында тұр (59,1%). Өзара аралық сауда шеңберінде Белорусь Республикасы Ресей Федерациясына келесі негізгі тауарларды сатады: жерде жүретін көлік құралдары (Белорусь Республикасының Ресей Федерациясына жалпы экспорт көлемінің 22,2%), сүт және ет өнімдері 17,4%, машиналар мен жабдықтар (15,6%). Ресейдің Белорусь еліне импорттың негізгі үлесі минералды отын (жалпы тауар импортының 64,7%), қара металл мен одан жасалған бұйымдар (9,4%). Белорусь Республикасы мен Ресей Федерациясынның арасындағы өзара сауда сальдосы 2011 жылы кері көрсеткішке ие болып, 11,8 млрд. АҚШ долларды көрсетті. Кеден одағы елдерінің сыртқы саудадағы ішкі сауда мөлшерлемесі Белорусь Республикасының Қазақстан Республикасына экспорттың негізгі үлесі жерде жүретін көлік құралдары алады (Белорусь Республикасынан Қазақстан Республикасына жалпы экспорттың көлемінің 18,4%), сүт пен ет өнімдері (17,9%) және машиналар мен жабдықтар (15,3%) алады. Қазақстан Республикасының Белорусь Республикасына экспорттың негізгі үлесі минералды отын (жалпы тауар импортының 27,2%), қара металл мен одан жасалған бұйымдар (23,9%), алюмений мен одан жасалған бұйымдар. Белорусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сауда сальдосы 2011 жылыБелорусь Республикасы мәліметтері бойынша – 498,2 млн. доллар, Қазақстан Республикасы мәліметтері бойынша Беларусь Республикасының үлесіне – 489 млн. доллар көрсетті. Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына экспорттың үлесі металл рудалары (Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы экспорттың көлемінің 30,9%), минералды отын (26,9%), металл мен одан жасалған бұйымдар (12%). Қазақстан Ресейден импорттың негізгі үлесі минералды отын (жалпы тауар импортының 26,9%), машиналар мен жабдықтар (15%), қара металл мен одан жасалған бұйымдар (12,3%). Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясынның арасындағы өзара сауда сальдосы 2011 жылы кері көрсеткішке ие болып, 7,9 млрд. АҚШ долларды көрсетті. Кеден одағы шеңберінде ішкі сауда айналымында тауар құрылымы Бүгінгі таңда қазақстандық экспорттың 80 пайызы шикізаттан тұрады. Соған орай шетелдік инвестицияның 80 пайызының шикізат секторының қайта өңдеу өндірісіне жіберіледі. Со¬нымен қатар Кедендік одақ қыз¬ме¬тіне қатысуда Қазақстанның не¬гізгі әрі басты мүдделері де еске¬ріліп отыр. Кедендік одақты құру процесінің маңыздылығы – осы одаққа мүше мемлекеттердің эко¬но¬микасына инвестициялар тартуға жағымды жағдай жасау, мемлекет¬тердің экономикалық әлеуетін ес¬ке¬ре отырып, бірлескен кәсіп¬орын¬дар құру болып табылатындығында. Инвесторлар қазақстандық нарыққа келу-келмеу туралы шешім қабылдау кезінде, тек жекелеген Қазақстан нарығын ғана емес, осы жалпы Кеден¬дік одаққа кіретін мемле¬кеттер мүдделерін де ескеретін болады. Қа¬зақстан экономикасын әртараптан¬дыру ең маңызды мақсат болып табылады. Ресейде сапа жөніндегі нормалар қатаңдатылған. Қазақ¬стан¬дық ет өнімдері бұл мемлекет¬тер нарығына әлі жол таба алмай отыр. Оның басты себебі Ресей ветеринарлық талаптарының біздің ет өнімдеріне сәйкес келмеуінен деп ұғыну қажет. Техникалық талаптардың, мәселен, ветеринар¬лық талаптардың бір деңгейге кел¬ті¬рілуі Қазақстан тауарларының жақын арада Ресей мен Беларусь нарығына шығуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сыртқы ел¬дермен сауда саясатын бір деңгейде жүргізу және осы үш мемлекеттің арасындағы сауда-саясатын емін-ер¬кін жүргізу үшін барлық жағдай жасау қажет [43]. Қазақстан мен Ресей Федера¬ция¬сындағы кедендік баждың дең¬гейі неғұрлым жоғары болғандық¬тан 400-ден аса тауарларды өткізу үшін өтпелі кезең туралы келісім жасалды. Мәселен, дәрі-дәрмек елімізде көбінесе сырттан алы¬натыны жасырын емес, ал өзі¬мізде шығарылатын дәрі-дәрмектер жеткілікті емес. Сондықтан бес жыл¬дық өтпелі кезең туралы келі¬сім жасалып, химиялық өнімдер, полимер өнімдері туралы төрт жылдық өтпелі кезең туралы келі¬сімге қол қойылды. Ал целлюлоза, темір жол, медициналық құрал-жабдықтар және басқа да мемле¬ке¬тімізде маңызды өнімдер де назар¬дан тыс қалмады. Семей қаласындағы ме¬дициналық өнімдер зауытын қайта құру жобалары қазір талқыланып жатыр. Ал бұл жобаларды іске асырып, өзіміздің нарықтың жаңа¬ғы қажетті дәрі-дәрмектермен толығуына қол жеткізудің, яғни отандық өндірістің өркендеуіне жол ашудың қажеттілігі зор. Кедендік одаққа мүше мемлекеттер өз экономикаларына инвестицияларды тартуға жағымды жағдай жасай алады, сондай-ақ бірін-бірі өзара толықтыратын кәсіпорындар кооперацияларын құрып, бірлескен өндірістерді жүзеге асыра алады. Берілген мәліметтерге сүйінсек, Кеден одағына өнімді негізгі жабдықтаушы Ресей Федерациясы келеді, ал Қазақстан Республикасы мен Белорусь Республикасы ортық нарықта тауарларды сатқанға қарағанда, көбінесе сатып алады. 2011 жылғы мәліметтерден Кеден Одағы елдерінің сыртқы мен ішкі сауда айналымы жақсы көрсеткішке ие болды. Сауда көлемі жыл сайын өсіп келе жатыр. Тауар құрылымы тұрақты мінезеледі. Кеден одағы базасында интеграция келешекте де Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында ішкі сауда айналымы мен сыртқы сауда айналымының дамуы зор. Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы.Кедендік одақтың құрылуына халықаралық сарапшылар да елеулі көңіл бөліп отыр.
  • No related publications were found
  • Not found related to the topic

Comments

+ Add a comment