Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:
«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды
жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу
және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деген тұжырымы [1, 2 б. ] білімдік
кеңістіктегі кәсіби сәйкестендірудің маңызын айқын көрсетеді.
Елбасының білімді экономикалық өсудің негізі ретінде қарастырудың қажеттілігін негіздеуі кәсіби
сәйкестендіруді тұлғаның білім кеңістігінің факторларына бейімделуінің қажетті шарттарының бірі
ретінде зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені кәсіби сәйкестендіру тұлғалық кәсіптік дамуды
оңтайландырудың басты тетігі ретінде өзіндік әлеуетке ие болады. Үнемі дамып отыратын білім
кеңістігі үздіксіз білімнің психологиялық және педагогикалық деңгейлерінің жүйесі болғандықтан,
білім субъектілері (оқушылар, мұғалімдер, мектеп басшылары т.с.с) мен жетекші іс-әрекеттің алуан
түрлерін (ойын, оқу, еңбек) қамтиды.
«Білім кеңістігі дегеніміз не?», «Кәсіби білім кеңістігі» ұғымының мәні неде?», «Кәсіби
сәйкестендіру» деген ұғымды қалай түсінуге болады?» деген сұрақтар төңірегіндегі мәселелерді
қарастыру аса маңызды болып саналады.
Философияда кеңістіктің табиғаты мен мәні туралы әр түрлі тұжырымдамалар мен теориялардың
бар екені ақиқат. Атап айтқанда, кеңістікті іргелі объективті реалдылықтың бірі деп санайтын
субстанциалды тұжырымдама (Гассенди, Ньютон); материалдық объектілердің қасиетттерінің бірі
ретінде қарастыратын атрибутивті тұжырымдама (Аристотель, Эйнштейн); кеңістікті сезімдік
пайымдаудың дәлелсіз формасының бірі ретінде қарастырған тұжырымдамалардың (Кант) болғаны
белгілі.
«Кеңістік» – философиялық категория. «Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның
құрамды бөліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі.
Кеңістік – ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын
көрсетеді. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем (ұзындығы, ені, биіктігі)
арқылы сипатталады», - дейді Қ.Ү.Сыбанбаев [2, 97 б.]. Жоғарыдағы пікірге назар аударсақ,
кеңістіктің жүйесі, көлемі, құрылымы, өлшемі бар екенін көреміз. Демек, «кеңістік» түсінігін білім
процесінде пайдалануға болатындығының бірнеше себебі бар, біріншіден, білім – жүйе, яғни бір-
бірімен қарым-қатынаста және өзара байланыста болатын, құрамдас көптеген бөліктер жиынтығы.
Екіншіден, педагогикалық түсініктердің көп мағыналылығы, яғни көптеген анықтамалардың бар
болуы. Жалпы, кәсіби білім процесінің кеңістігін зерттеу жаһандық және белгілі бір материалдар
негізінде бірыңғай зерттеулер жүргізуге болады.
«Кеңістік феноменінің» бірден-бір басты себебі – оның дүниеге көзқарастық мән-мағынасында,
өмір-мәнділік маңыздылығында», - деп жазады Ш.Қ.Абеуова [3, 3 б.].
Білім беру кеңістігі дамып жатқан білім беру саласында мән тудырушы фактор ретінде білім беру
субъектілері мен әртүрлі қызметтер түрін, үздіксіз білім беру жүйесін біріктіруші әлеуметтік-мәдени
феномен болғандықтан, шетелдік әлеуметтанушылар (Р.Коллинза, М.Маркович, Р.Штольберг,
194
Т.Попкевиц, Ю.Гиллер, Г.Дилигенский, П.Пухно және т.б.) әлеуметтік тұрғыдан талдау жасай
отырып, кәсіби сәйкестендіруді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырса, Э.Ф.Зеер мен Л.Г.Бабенко
кәсіби-білім беру кеңістігін ұйымдастыруда бір жағынан, білім беру, кәсіби және екінші жағынан,
денотативті және концептуальді кеңістік түрлерін ажыратып көрсетеді.
Аталған кеңістіктің құрылысын мәндік қасиеті ретінде Э.Ф.Зеер былайша сипаттайды: дамушы
субъектілер (мысалға, ЖОО студенттері); үздіксіз білім жүйесі; жеке тұлғалық қасиеттерді
дамытатын функцияларды (танымдық, кәсіптік білім беру және шығармашылық бағытталған т.б.)
жүзеге асыратын жетекші іс-шаралардың көп өлшемді түрлері. Дамушы білім беру кеңістігі – білім
беру кеңістігін дамыту - үздіксіз білім берудің психологиялық-педагогикалық деңгейлерінің жүйесі,
қызмет түрлерін дамыту және жеке және кәсіби даму пәндері. Кәсіби кеңістік - әлеуметтік
институттардың жүйесін қамтиды және болашақ маманның жеке басын дамытудағы фактор болып
табылады [4, 57 б.].
Л.Г.Бабенконың денотивтік және концептуальді кеңістіктеріне берген анықтамаларына сүйенсек,
кәсіби білім беру кеңістігінің негізі ретінде қарастырады. Денотивті кеңістік – әлем туралы кәсіби
білімдердің жиынтығы. Концептуальді (тұжырымдамалық) кеңістік – белгілі бір кәсіби саланың
негізгі тұжырымдамаларының жиынтығы, шындықты білуді жинақтау болып табылады [5, 24 б.].
«Кәсіби білім беру кеңістік» түсінігі кәсіби сәйкестендіру процесін сипаттау үшін қажет.
Сәйкестендіру немесе идентификация дегеніміз не? Л.В.Мардахаевтың анықтамасына назар
аударсақ: «Идентификация (от лат. Identificare – отождествлять) – отождествление человека с кем-
либо, чем-либо; в социальной психологии отражает важнейший механизм социализации человека.
Проявляется в принятии индивидом определенной социальной роли при вхождении в группу, в
осознании им групповой принадлежности, формировании у него социальных установок [6, 36 б.].
Демек, адамды біреумен, басқа бір затпен сәйкестендіру, әлеуметтік психологияда адамның
әлеуметтенуінің басты тетігі болып табылады.
«Кәсіби сәйкестендіру» ұғымына Г.И.Селеткова келесі анықтама береді: «профессиональная
идентификация, которая является механизмом интернализации профессиональных и социально-
психологических компетенций в результате социального взаимодействия индивида и
профессиональной группы и осмысления индивидом данных взаимодействий. Профессиональная
идентификация складывается из образа профессии и профессионального образа Я [7, 1537 б.]. Кәсіби
сәйкестендіру кәсіби және әлеуметтік-психологиялық құзыреттіліктерді жеке және кәсіби топтың
әлеуметтік өзара әрекеттестігі мен жеке тұлғаның осы өзара әрекеттесуді түсінуінің нәтижесінде
интернализациялау тетігі болып табылады.
ЖОО-дағы кәсіби білім беру аспектілерін зерттеу кәсіби сәйкестендіру процесін зерттеумен тығыз
байланысты. Себебі, кәсіби сәйкестендіру заманауи білім беру кеңістігіндегі интеграциялық
процестердің көрінісі және кәсіби сәйкестікті зерттеу арқылы кәсіби білім берудің аксиологиялық
мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары педагогикалық білім кеңістігінде жеке тұлғаның өзін-
өзі дамытуда кәсіби сәйкестендіру тек бір кезеңі болып қалады. Кәсіби сәйкестендіру әлеуметтік
сәйкестендірудегі белгілер мен қасиеттерге ие және әлеуметтік ортаның әсерінен қалыптасуда бірдей
кезеңдерден өтеді.
Тұлғаның белгілі бір топпен сәйкестендірілуінің нәтижесінде болашақ мамандығын таңдауына
ықпал етуі мүмкін. Мысалға, ауылдағы болашақ маман иесінің қаладағы қатарына қарағанда агроном
немесе мал дәрігері мамандығын таңдау көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Ал, қыз балалардың
жүргізуші, ұшқыш, шахтер т.б. мамандықтарын таңдауы екіталай сияқты. Ауқатты жанұядан
шыққандар көбінесе заңгер, экономист, қаржы саласы сияқты мамандықтар таңдайтыны белгілі.
Тұлға өзінің белгілі бір топтық немесе кәсіптік тиесілігін я мүшесі екенін сезінген уақытта оның
әлеуметтік ұстанымдарына әсер ете бастайды. Сондықтан кәсіби сәйкестендірудің әлеуметтік
жағынан шығуы мен дамуын ескере отырып, "кәсіптік-әлеуметтік сәйкестендіру" түсінігі
қалыптасты. Кәсіптік сәйкестендіруге «әлеуметтік» сөзінің қосылуы оның теориялық-
консептуальдық мағынасын еш бұзбайды, керісінше әлеуметтік негізіне назар аудартамыз. Себебі,
кәсіби-әлеуметтік сәйкестендіру әлеуметтік процестерден тыс бола алмайды. Ол яғни кәсіби-
әлеуметтік сәйкестендіру міндетті түрде әлеуметтік-экономикаға, әлеуметтік-мәдениетке, қоғамның
институцианальді дамуына әсер етеді.
Кәсіби сәйкестендіруде тұлғаның кәсіби және жеке басының ерекшеліктері, сондай-ақ кәсіби
қызметінің жүзеге асырылуындағы әлеуметтік заңдылықтары көрініс табады. Қалыптасқан кәсіби
сәйкестіктің қоғам үшін маңыздылығын қалыптасқан кәсіби топ анықтайды. Тұлға қаншылықты
өзінің кәсіптік тобын басқалардан салыстырмалы түрде жоғары қойса соншалықты оның сол топпен
сәйкестендірілуіне ұмтылысы жоғары болады.
195
Кәсіби сәйкестендірудің зерттеу аумағы кеңейюде, яғни психологиялық феномен ретінде ғана
емес, сонымен қатар – әлеуметтік. Бүігінгі таңда қалыптасып, дамып және әлеуметтік алаңда өзіндік
орын алып жатыр деп толығымен айта аламыз. Ю.И.Гиллер: «Бүгіндері еңбекті ынталандыруды
адамның жұмысқа деген басты көрсеткіші ретінде әлеуметтік зерттеулер жүргізген уақытта, көбінесе
жұмысшының кәсіпорнындағы сәйкестендірілуінің көрсеткіштері беріледі, бұл адамның еңбек
еркінің бар екендігінің дәлелі», - дейді [8, 61 б.].
Осылайша кәсіби-әлеуметтік сәйкестендіру төмендегідей маңызды сипаттамаларда болуы мүмкін:
1) Кәсіби әлеуметтенудің механизмі, кәсіби топтың мінез-құлық үлгілері, көрсеткіштері,
идеалдары, нормалары, құндылықтарын меңгеруді қамтамасыз ететін, сол арқылы әлеуметтік рөлге
енуге көмектеседі.
2) Кәсіби іс-әрекет барысында, «күтілетін нәтижеден міндетке» және «міндеттен күтілетін
нәтижеге» формуласы бойынша қызметкерлердің әлеуметтік өзара әрекеті дамиды.
3) Тұлғаның тек кәсіби топтағы орнын ғана емес, стратефикациялық құрылымдағы әлеуметтік
ұстанымын да анықтайды.
4) Әлеуметтік детерминатын макро және микро әсерін сезінеді, сонымен қатар тұлғаның
бірқатар әлеуметтік және кәсіби маңызды сапаларын (өмір сүру салты мен ұстанымын, құндылық
бағдары, әлеуметтік-мәдени қорының көлемі мен сапасы және т.б.) дамытуға, қалыптастыруға
негіздейді.
5) Оның бағыты мен мінезі, бір жағынан, әлеуметтік экспантациямен сәйкес кәсіби іс-әрекеттің
сапасы мен ұстанымына қарағанда кәсіби топ пен кәсіби бейнесінің бағасы тікелей анықталады, ал
екінші жағынан, әлеуметтік рөліне қызметкердің терең «енуі», кәсіпішілік салыстыру аясындағы
кәсіби «Мені» және кәсіби бейнесі деңгейіне сай келу. Осылай болғанымен, кәсіби бейнесі өзгермелі
әлеуметтік-мәдени шарттардың әсер етуімен ауысып отыруы мүмкін.
Сонымен кәсіби-әлеуметтік сәйкестендіру ұғымын тұжырымдап, оның теориялық үлгісін немесе
моделін құрып, мұғалімдік сияқты кәсіби топтағы кәсіби-әлеуметтік сәйкестендіру даму жоспары мен
ерекшеліктерін тікелей сараптауға көше аламыз.
«Неліктен мұғалімдік?» деген сұрақ туындайды. Аталмыш кәсіби-әлеуметтік топты таңдаудың
бірнеше себептері бар.
Білім беру қоғам дамуының негізгі көзіне айналуда. «Білім беру күннен-күнге қоғам тіршілігінің
бір саласында маңызды орын алады, - деп жазды Г.И.Герасимов, – себебі оның болашақ құрылымын
алдын ала анықтайды және сапалы өзгерістерді қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда заманауи
білім берудің жетекші сапалы сипаттамасы – оның «басып озатын» сипаты, ақыл-ой әлеуетін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін және тұлғаның сәйкесінше мәдениетінің негізін қалай отырып,
қоғамның тұтас дамуының үрдістерін модельдеуге жол ашады. Білім беру әрекеті адамның күнделікті
өміріндегі өзгермелі компонент құрамы ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік ұтқырлық
деңгейін және қоғамдағы беделді ұстанымына әлеуметтік-мәдени фактор да айтарлықтай әсер етеді»
[9, 78 б.]. Білім беру сапасы қоғам дамуының және өмір сүрудің сапасын анықтайды.
Білім беру кеңістігі заманауи қазақ қоғамындағы жаңғыру үрдістері дамуда, инновациялық
жобалау жүзеге асып жатыр. Білім беру кеңістігіндегі жаңғырудың ең басты тұлғасы педагог болып
табылады. Сонымен бірге, білім берудегі болып жатқан инновациялық үрдістердің сапасы
педагогтың өзінің де кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің даму деңгейімен, оның білім қорының әлеуетінің
көлемімен анықталады.
Мұғалім – педагогикалық үрдістің негізін қалаушы субъект. Мұғалім оқушы тұлғасына тікелей
әсерін тигізеді. Оқу үрдісінде оқушы, ең алдымен, мұғаліммен қарым-қатынаста болады. Сондықтан
да білім берудің сапасы оқушы және оның ата-анасы үшін мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасымен
тікелей байланысты. Педагогикалық кәсіптің маңыздылығы оның әлеуметтік функционалдылығында.
Заманауи педагогтың әлеуметтік және рухани-адамгершілік қоры бала тұлғасының уәждемелік-
құндылық және рухани-тұтынушылық саласын байыту және ақыл-ой капиталының өндіру деңгейін
көрсетеді. Сондықтан да, біздің көзқарасымыз бойынша, мұғалімнің бұдан да кең әлеуметтік-мәдени
контексте кәсіби-әлеуметтік мәселелері қажеттілігін қарастыру проблемасы туындайды.
Г.Г.Силласте көрсеткендей, «...мұғалімнің кәсіби деңгейінің мәселесі, оның іс-әрекетінің сапасы
мен тиімділігі ешқашанда таза педагогикалық бола алмайды және тек қана педагогикалық
құралдармен – кадрларды дайындау мен іріктеуді жақсарту, кәсіби біліктілігін жетілдіру, үздік
әдістемелік құралдарды шығарумен т.б., шешілуі мүмкін емес. Мұғалімнің өмір сүру салты мен
еңбегіне әсер ететін тек қана кешенді факторларды зерттеу, мәселені шешуге жол ашады, оның
кәсіби шеберлігі мен жалпы мәдениетінің үздіксіз өсуіне әсер ететін тұрмыстық жағдайларын және
196
әлеуметтік психологиялық атмосфераны қалыптастыра отырып, мұғалім еңбегін ұйымдастыруды
ретке келтіру үшін қажетті шараларды жоспарлау қажет» [10, 52 б.].
Кәсіби сәйкестілік білімдік-мәдени бағыттылық ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие: кәсіби
сәйкестілікті қалыптастыру білімнің стратегиялық мақсаты емес, оған қол жеткізу өзіндік даму
үдерісінде, кәсіптік оқыту мен кәсіптік ортаға нәтижелі кірігу барысында мүмкін болады. Кәсіби
сәйкестіліктің бір түрі ретінде мұғалімнің өзік санасының құрылымын, оның осы құрылымдағы
алатын орнын анықтайды.
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ қоғамындағы білім кеңістігіндегі мұғалімнің кәсіби-әлеуметтік
сәйкестендірілуінің деформациялануы болып жатқан түрлі өзгерістерге негізделген. Мұғалімдер
ұжымының жан-жақты қамтамасыз етілуінің көлемі мен сапасының азайуынан жағдай қиындай
түседі. Қазіргі педагогтің кәсіби-мәдениетіне талап күшейеді, толыққанды әлеуметтік тапсырысты
қанағаттандырылуға жол беретін ерекше жағдай орын алып жатыр, енді бір қырынан, тиісті жағдай
сәйкесінше жасалынбайды немесе мұғалімнің өзінің кәсіби және әлеуметтік әлеуетін көтеру үшін
шектеулі сипатта болып келеді.
Білім берудің жаңа парадигмасы концепциясын жүзеге асыру, дамыту және қалыптастыру
педагогика кадрларын бірдей уақытта сапалы түрде ресурспен қамтамасыз етсе ғана мүмкін болады.
Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби статусын жоғарлату үшін тиісті жағдай жасаумен қатар, жаңа
білім беру парадигмасы аясында кәсіби-педагогикалық мәдениетін де сапалы қалыптастыру да аса
маңызды. Мұндай кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мазмұнды сипаттамасы дамыған жалпы мәдени
және психология-педагогикалық құзіреттіліктер, сын тұрғысынан ойлау, педагогиканың
инновациялық әдістерін тәуелсіз пайдалану және қайта білім алуға деген белсенді құлшыныс, оқушы
тұлғасына бағытталған толеранттылық, адамгершілік болып табылады. Осымен қатар дұрыс
бағдарланған мұғалімнің әлеуметтік кәсіби сәйкестігі тұрақты болуы әлеуметтік-мәдени капитал
шарты болып шығады. Жаңа кәсіби нормативтік құндылық сызбаларын ендіру және оларды кәсіби іс-
әрекет тәжірбиесінде жүзеге асыру да маңызды.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә.Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //
http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-nazarbaevtynkazakstan-
halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-10-kantar
2. Cыбанбаев Қ.Ү. Философия: оқу құралы / Алматы: Экономика және құқық академиясы, 2012. – 224 б.
3. Абеуова Ш.Қ. Физикада кеңістік ұғымы дамуының философиялық астары//Философия ғыл. канд. ... дисс.
автореф. –Алматы, 2009. -27 б.
4. Зеер Э.Ф. Личностно развивающее профессиональное образование. / Екатеринбург: Изд-во Рос. гос. проф.-
пед. ун-та, 2006.
5. Бабенко Л. Г. Русская глагольная лексика: денотативное пространство. –М., 2008.
6. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. – М.: Издательство РГСУ, 201. -416 с.
7. Селеткова Г. И. Социально-профессиональная самоидентификация предпринимателей и руководителей
//Фундаментальные исследования. – 2015. – Т. 7. – №. 2. – С. 1537-1541.
8. Гиллер Ю.И. Социология самостоятельной личности. -М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2006.
9. Герасимов Г.И. Трансформация образования-социокультурный потенциал развития российского
общества/Отв.ред. Ю.Г.Волков – М., Изд. «Социально-гуманитарные знания», 2005. – С.9
10. Силласте Г.Г. Сельское учительство: образ жизни и адаптационный ресурс// Социологические
исследования. – 2002. - №9 – C.50-59.

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg