Главная /

Публикации

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫ

23 Январь 2017
89
0
Авторы: Albina Sergalievna
Категория: Спорт и туризм

Қазіргі таңда Қазақстанда сервис саласының дамуы өте өзекті мәселе болып отыр. Сервис саласына талап қоятын этикалық білімі жоғары жеке тұлғалар мейрамхана, қонақ үй немесе басқа сервис мекемесіне барған жағдайда қызмет көрсетуге көп мән береді. Қызметті тұтынушы клиенттер тарапынан талаптар болмаса, сервис сол қалпы тұра бермек. Елімізде халықаралық стандарттар бойынша қызмет көрсететін мекемелер саны жеткіліксіз. Қазақстанның қонақ үй саласындағы қызмет көрсетуді АҚШ қонақ үй саласымен салыстырғанда қызмет көрсету деңгейі талапқа сай емес. АҚШ-тың қонақ үйлерінің жұлдыздық жүйесі мен Қазақстанның жұлдыздық жүйесі сәйкес келмейді. Мейрамхананың өзінде де Еуропамен салыстырғанда көптеген кемшіліктер бар. Еуропада мейрамханада этикалық нормаларды білетін даяшылар мен метрдотельдер жұмыс жасаса, біздің елдегі мейрамханаларда даяшылардың этикалық білімі төмен болып келеді. Қазақстанда сервисті дамыту үшін мына мәселелер шешімін табу қажет (1-сурет):

  1. қызмет көрсетуші мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің этикалық білімдерінің аздығы;
  2. сервис саласына талап қоя білетін жеке тұлғалардың аздығы;
  3. техникалық жабдықтардың жетіспеушілігі.

 

 

Сурет 1. Қазақстандағы сервистік қызмет мәселелері

 

Сервистің болашақта дамуы үшін сервисті насихаттау қажет. Сервис саласына талап қоя білетін клиенттер болса ғана, сервис дамиды. Сондықтан да сервисті дамыту үшін әр адам өзінен бастау керек. Әр жеке тұлға сервистің қыр-сырын білу керек, тұтынып жатқан қызметін бағалап, көрсетілген қызметке сай ақы төлеу қажет. Ондай жеке тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы - мектеп. Мектепте оқитын балаларға сервис саласында білім беру қажет. Ол үшін мектеп бағдарламасына «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсын енгізу керек. Бұл пәнді бастауыш және орта буын кластары оқитын болады (кесте 1) [1, 34-б.].

 

Кесте 1   Бастауыш класта оқылатын «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсының тақырыптық мазмұны

 

Р/с

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Кіріспе

2

2

Мәдениет- этика-эстетика-этикет  ұғымы

2

3

Қызмет көрсету мәдениеті мен этикет ережесі. Қызмет көрсету мәдениетінің көрсеткіштері

2

4

Қызмет көрсету деңгейін бағалау өлшемі

2

5

Қоғамдық тамақтанудың қызмет көрсету классификациясы

2

6

Мекеменің сауда бөлімінің интерьері мен ондағы қызметкерлерге қойылатын талаптар

2

7

Сауда ғимаратын қызмет көрсетуге даярлау

2

8

Қоғамдық тамақтану кәсіпорнын музыкалық және жарықтық безендіру

2

9

Үстел эстетикасы: үстел әшекейлері (шырақтар, гүлдер, т.б.)

2

10

Ас жаулықтар: дастархандар, майлықтар, майлықтарды сәнді бүктеу және оларды дұрыс қолдану.

2

11

Асхана ыдыстары мен құралдары:сипаттама

2

12

Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру

2

13

Ас мәзірін құру негіздері

2

14

Келушілерді күтіп алу және орналастыру. Тапсырысты рәсімдеу.

2

15

Буфеттік өнім ұсыну

2

16

Подноспен жұмыс істеу ережесі

2

17

Тапсырыс берілген асты, ыстық және салқын сусындарды ұсыну

2

18

Тапсырыс берілген ыстық дәмтатымдарды, сорпалар мен ыстық тамақтарды ұсыну ережесі

2

19

Тәтті тағамдарды ұсыну ережесі

2

20

Тапсырыс берілген сусындарды ұсыну ережесі

2

21

Банкетте қызмет көрсету

2

22

Үстел басына қонақтарды отырғызу ережелері

2

23

Үстелге ыдыстарды орналастыру ережелері

2

24

Дипломатиялық қабылдау

2

25

Үйлену тойының үстелін ұйымдастыру ережесі

2

26

Банкет-фуршет ұйымдастыру ережесі

2

27

Банкет-коктейль, коктейль-фуршет банкетін ұйымдастыру ережесі

2

28

Банкет-шай ұйымдастыру ережесі

2

29

Швед үстелін және «А ля фуршет» үстелін ұйымдастыру және үстелге ыдыстарды орналастыру ережелері

2

30

Үстел басындағы сөйлеу этикасы мен эстетикасы: тосттар, тілек сөздер, үстел басында сөйлеу.

2

31

Үстел басындағы этикеттің даму тарихы

2

32

Үстел этикасының негізгі принциптері

2

33

Заманауи үстел этикасы

2

34

Ас жаулықтар эстетикасы

2

 

Бастауыш класта оқыған оқушы: үстел басында дұрыс отыруды, жәй сөйлеуді, үстел басындағы этика мен эстетиканы меңгеріп, ыдыстар мен шаңышқы, пышақ, қасықтарды дұрыс қолдануды, майлықты дұрыс пайдалануды, әртүрлі сусындарды арнаулы стакандармен ішуді, уақытылы дұрыс тамақтануды, банкет ұйымдастыру ережелерін үйренеді [2, 46-б.].

Орта буын сынып оқушылары 2-кестеде көрсетілген тақырып аясында теориялық және практикалық сабақтар арқылы «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсын меңгереді [3, 81-б.].

 

Кесте 2   Орта буын сынып оқушыларына арналған «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсының тақырыптық мазмұны

 

Р/с

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1

Кіріспе

2

2

Этика мен эстетика ұғымы

2

3

Басқару этиксы

2

4

Этикалық кодекс

2

5

Кәсіби этикет

2

6

Іскерлік қарым-қатынас этикеті

2

7

Этика және адамның өзін-өзі ұстау мәдениеттілігі

2

8

Ұлттық этикеттің ерекшелігі

2

9

Шығыс этикеті

2

10

Әр түрлі мемлекеттердің қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстау ережесі

2

11

Қоғамдық орындағы этика

2

12

Транспорттағы этикет

2

13

Телефон этикеті

2

14

Қарым-қатынас этикеті

2

15

Заманауи іскер адамның имиджі

2

16

Амандасу, танысу, сөйлесу нормалары

2

17

Сервис саласындағы этика.

2

18

Конференциялар, көрмелердегі сервистік қызмет

2

19

Ойын-сауық орталықтарындағы сервистік қызмет

2

20

Театр, кино-концерт залдарындағы сервис пен өзін-өзі ұстау мәдениеті

2

21

Мейрамханада өзін-өзі ұстау этикеті

2

22

Үстел басындағы этикет. Үстел басында өзін-өзі ұстау мәдениеті

2

23

Үстел басындағы жабдықтарды дұрыс қолдану технологиясы

2

24

Үстел басында орамал, майлықтарды дұрыс қолдану

2

25

Үстел басындағы ер адамның іс-әрекеті

2

26

Үстел басындағы әйел адамның іс-әрекеті

2

27

Бизнес-ланч

2

28

Кофе-брейк

2

29

Банкет, банкет-фуршеттегі адамның өзін-өзі ұстау мәдениеті

2

30

Қонақ үй саласындағы сервис

2

31

Қонақ үйдің халықаралық жіктемесі

2

32

Қонақ үй бөлмелерінің стандарттық классификациясы

2

33

Қонақ үй қызметкерлеріне қойылатын талаптар

2

34

Қонақ үй қызметін клиенттің бағалау мүмкіндігі

2

 

Орта буын оқушылары курсты игеру нәтижесінде: қоғамдық орындағы этика мен эстетиканы, кәсіби, ұлттық, іскерлік этикет, транспорттағы, телефон, қарым-қатынас этикетін, этикалық кодекс, амандасу, танысу,  сөйлесу нормаларын, конференциялар, көрмелердегі сервистік қызмет, ойын-сауық орталықтарындағы сервистік қызмет, үстел басындағы этикет, қонақ үй саласындағы этикетті т.б. меңгереді [4, 39-б.].

«Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсы тек теориялық пән болып қана қоймай, практикалық жағынан маңызды пән болып табылады. Бұл пән міндетті түрде арнаулы лабораторияда өткізілуі тиіс. Үстелдегі этиканы түсіндірген кезде әртүрлі ыдыстар қолдану керек. Мысалы стакандарды түсіндірсе, онда хайбол, тумблер, шот, бренди-баллон, пильзен, флюте, рейнвейн, лафит, т.б. ыдыстарды қолдану қажет. Шаңышқы мен пышақтың да түрлерін көрсетіп, қай шаңышқы мен пышақтың түрі қандай асқа екенін үйрету керек [5, 69-б.].

Сервис саласын жан-жақты білетін индивид тәрбиелеуде «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсының маңызы зор. Төмендегі 3-кестеде SWOT- талдау арқылы арнаулы курстың артықшылығы, кемшілігі, мүмкіндігі, қауіп-қатері көрсетілген. «Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсын мектеп бағдарламасына енгізу болашақ Қазақстан сервисінің дамуына қосқан үлес болып табылады.

 

 

 

Кесте 3  «Сервис саласындағы этика мен эстетика» оқу курсының SWOT- талдауы

 

Артықшылығы

  • сервиске талаптың жоғары болуы;
  • сервис саласындағы мәдениеттілікті дамыту;
  • халықаралық дәрежеге сай сервисті қалыптастыру;
  • болашақ ұрпаққа сервис аясында ұлттық тәрбие беру;
  • мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • қоғамдық орындарда этикалық және эстетикалық нормаларды сақтау;
  • Қазақстандағы сервисті дамыту;

 

Кемшілігі

  • тәжірибенің жоқтығы;
  • мамандардың жетіспеуі;
  • халықтың түсінбеушілігі;

 

Мүмкіндігі

  • сервистің ғылым ретінде қалыптасуы;
  • сервис саласына жоғары талаптар қоя білетін тұлғаларды қалыптастыру;
  • мектепке дейінгі даярлық тобының оқу бағдарламасына енгізу.

 

Қауіп-қатер

  • әртүрлі жағымды және жағымсыз сын-пікірлердің қалыптасуы;
  • уәкілетті органдардан оң баға алмай, қабылданбауы;
  • алғашқы жылдары күтілген нәтиженің өз деңгейінде жүзеге аспауы;

 

 

 

«Сервис саласындағы этика мен эстетика» арнаулы курсын мектеп бағдарламасына енгізсе, алғашқы 3 жылда нәтиже болмау мүмкін, бірақ уақыт өте бұл курс үлкен нәтиже береді. Алдағы 15 жылдықта осы курсты оқыған мектеп оқушылары өз мектептері мен ұстаздарына алғыс айтатын болады. Себебі мектепте оқытылған бұл пән жеке индивидтің өмірлік азығы болады. Сервис саласын жан-жақты меңгерген тұлға қоғамдық орында өзінің мәдениетті екенін көрсете біледі. Шетелден келген азаматтар Қазақстанда да сервистің жақсы дамығанын көреді. Американдықтар мен еуропалықтар қазақ халқының үстел басындағы мәдениетіне тәнті болады. Қазақстанда тұратын әрбір адам, отбасы қоғамдық орындар мен сервистік мекемелерде этикалық  және эстетикалық нормаларды берік ұстанатын болады. Сервис саласындағы қызметкерлер жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсетеді. Сапалы сервисті тұтынушы шетелдіктер мен қазақ халқы болады.

Список литературы
1. Аванесова, Г.А. Сервисная деятельность: Историческая и современная практика, предпринимательство, менеджмент: учебное пособие / Г.А. Аванесова. – М.: Аспект Пресс, 2006. – 320 с. 2. Романович Ж.А. Сервисная деятельность: Учебник / Ж.А. Романович, С.Л. Калачев. Под общ. ред. Ж.А. Романовича. – М.: ИТК Дашков и Кº, 2006. – 268 с. 3. Семин, О.А. Сервис в торговле. В трех книгах: учебное пособие / О.А. Семин, В.А. Сайдашева, В.В. Панюкова. – М.: Изд-во Дело и сервис, 2006. 4. Смирнова, Е.Т. Сервисная деятельность (введение в сервисологию): учебное пособие / Е.Т. Смирнова. – М.: ГОУ ВПО «МГУС», 2004. – 84 с. 5. Воробьева И. В. Социально-культурная деятельность : учеб.-метод. комплекс / И. В. Воробьева. - Минск : ГИУСТ БГУ, 2009. - 106 с.

Для того, чтобы оставлять комментарии, вам необходимо войти в систему.