Главная /

Публикации

Қазақстандағы үш жұлдызды қонақ үйлердің қазіргі жағдайы мен даму жолдары

23 Январь 2017
169
0
Авторы: Albina Sergalievna
Категория: Спорт и туризм

Қазақстандағы орналастыру орындарын санаты бар, санаты жоқ қонақ үйлер  және өзге де тұрғылықты орындар деп үшке бөліп қарастыруға болады [1, 81-б.].

Қазақстандағы 2338 орналастыру орындарының ішінде санаты жоқ қонақ үйлер 1256, өзге де тұрғылықты орындар 813, санаты бар қонақ үйлер 269 бірлікті құрайды. Республикада санаты жоқ қонақ үйлер басым, содан кейінгі орындарда өзге де тұрғылықты орындар алады, ал санаты бар қонақ үйлер өте аз.  Санаты бар қонақ үйлер Қазақстанда жұлдыздық жүйе бойынша жіктеледі. Қазақстандағы санаты бар қонақ үйлер деп бір жұлдыздыдан бастап бес жұлдыздыға дейінгі аралықты қамтитын, осы жұлдыздық дәрежесіне байланысты қызмет көрсететін мекемелерді айтады. Республикада санаты бар қонақ үйлер саны жыл сайын өсуде, мысалы 2013 жылы 212 жұлдыздық қонақ үйлер болса, 2014 жылы 242 қонақ үй болды, ал 2015 жылы санаты бар қонақ үйлер 269 бірлікті құрады [5].

Қазақстанда 269 санаты бар қонақ үйлер кездеседі.  Санаты бар қонақ үйлердің ішінде 5* қонақ үйлер 7 пайызды, 4* қонақ үйлер 29 пайызды,  3* қонақ үйлер 51 пайызды, 2* қонақ үйлер 7 пайызды, 1* қонақ үйлер 6 пайызды құрайды.  Жоғары жұлдыздық жүйе дамыған Алматы мен Астана қалалары болса, төменгі жұлдызды қонақ үйлер Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында басым келеді.

Шет елдерде үлкен миллионер қалаларда төрт жұлдызды және бес жұлдызды қонақ үйлер басым болып келеді. 10 миллиондай халқы бар қалаларда бес жұлдызды қонақ үйлер дамыған [2, 49-б.]. Ал Қазақстанның ондай миллионер қалаларының өте аз болуы төрт жұлдызды және бес жұлдызды қонақ үйлер салуға мүмкіндік бермейді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты,  қалалардың шағын болуына байланысты санаты  бар қонақ үйлердің ішінде үш жұлдызды қонақ үйлер басым [3, 56-б.].

Үш жұлдызды қонақ үйлер кең  бөлмелі,  қызмет  көрсетулерінің түрлері баршылық, қабылдау  қызметі  әдетте  тәулік  бойы жұмыс істейтін, мейрамханамен,  бармен  қамтылған, барлық  номерлерде міндетті түрде  ванна  немесе  душ  қойылған болып келеді [4, 71-б.]. 

Санаты бар қонақ үйлердің ішінде орташа деңгейде сапалы қызмет көрсететін үш жұлдызды қонақ үйлердің маңызы зор. Бұндай қонақ үйлер бағасы арзан және сапалы қызмет көрсетеді, сондықтан да үш жұлдызды қонақ үйлер елде көп.  Қазақстанда 2015 жылы үш жұлдызды  қонақ үйлер саны 138 бірлікті құрап, санаты бар қонақ үйлердің 51 пайызын құрады. Үш жұлдызды қонақ үйлер Астана қаласында 29, Алматы қаласында 28, Атырау облысында 16, Ақмола облысында 12, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында 10, Павлодар облысында 8, Шығыс Қазақстанда 6 бірлікті (1-сурет) құрады. Үш жұлдызды қонақ  үйлер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында аз. Мұндағы үш жұлдызды қонақ үйлер облыс бойынша біреуден, үшеуден келеді [5].

 

 

Сурет 1. 2015 жылғы 3* қонақ үйлер саны

 

Статистика бойынша 2015 жылы үш жұлдызды 138 қонақ үйге 552 834 адам келген. Оның ішінде резидент еместер 149 955 адам, резиденттер 402 879 адамды құрайды (1-кесте). 3* қонақ үйдің санына байланысты келушілер аз облыстар: Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары. 3* қонақ үй қызметі резиденттер тарапынан үлкен сұраныста.

 

 

 

Кесте 1

2015 жылғы Қазақстандағы 3* қонақ үйлердің саны

 

ҚР-сы мен облыстары

Қонақ үйдің саны, бірлік

Қызмет көрсетілген келушілер саны, адам

резидент еместер

резиденттер

Қазақстан Республикасы

138

149 955

402 879

Ақмола

12

599

18 202

Ақтөбе

3

5 063

15 175

Алматы

1

-

2 609

Атырау

16

38 465

93 647

Батыс Қазақстан

3

5 465

11 390

Жамбыл

3

143

7 714

Қарағанды

10

2 125

18 707

Қостанай

2

859

4 939

Қызылорда

3

535

2 658

Маңғыстау

10

18 707

27 026

Оңтүстік Қазақстан

3

930

3 266

Павлодар

8

1 433

6 725

Солтүстік Қазақстан

1

217

898

Шығыс  Қазақстан

6

401

23 640

Астана қаласы

29

30 883

102 839

Алматы қаласы

28

44 130

63 444

 

 

Қазақстанның 3* қонақ үйлеріндегі бөлмелер саны 6739  бірлікті құрайды, соның ішінде стандарттық бөлмелер 4980, «люкс» санатындағылар 1074, апартамент 502, жайлы емес 20  бөлмелер бар (2-кесте). Бөлмелер санының көптігімен Алматы мен Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды ерекшеленеді [5].

 

Кесте 2

2015 жылғы Қазақстандағы 3* қонақ үйлердегі бөлмелер саны

 

ҚР-сы мен облыстары

Бөлмелер                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     саны,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     бірлік

одан

апартамент

"люкс" санатындағы                                      

стандарттық бөлмелер

жайлы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 емес              

Қазақстан Республикасы

6 739

502

1 074

4 980

20

Ақмола

504

2

234

213

3

Ақтөбе

344

-

45

299

-

Алматы

17

1

3

13

-

Атырау

1 032

330

162

540

-

Батыс Қазақстан

217

41

7

169

-

Жамбыл

48

-

8

40

-

Қарағанды

341

11

81

246

3

Қостанай

90

-

19

66

-

2-кестенің жалғасы

Қызылорда

105

-

6

99

-

Маңғыстау

603

59

75

403

3

Оңтүстік Қазақстан

60

1

25

34

-

Павлодар

129

-

52

77

-

Солтүстік Қазақстан

11

-

11

-

-

Шығыс  Қазақстан

229

1

26

202

-

Астана қаласы

1 275

23

141

1 065

3

Алматы қаласы

1 734

33

179

1 514

8

 

 

Елде 3* қонақ үйдің біржолғы сыйымдылығы 9 463 төсек-орынды құрайды. Төсек-орынның бір тәуліктегі толтырымдылығы 26,2 %-ға, бөлмелер толтырымдылығы  29,6 %-ға тең. 3* қонақ үйлердегі төсек-тәуліктің орташа құны 11 300 теңгені құрайды (3-кесте). 2015 жылғы ұсынылған төсек-тәулік 825962-ге тең. Тәулігіне ең қымбат ақы алатын 3* қонақ үйлер Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Мұндағы ақы 4* қонақ үйдің бағасына сай келеді [5].

 

Кесте 3

2015 жылғы Қазақстандағы 3 * қонақ үйдегі төсек-орын

 

ҚР-сы мен облыстары

Біржолғы сыйымдылық, төсек-орын  

Орналастыру орындары, %

Ұсынылған                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     төсек-тәулік, төсек-тәулік

Төсек-туәліктің орташа құны, теңге

төсек-тәулік

бөлме-лер

Қазақстан Республикасы

9 463

26,2

29,6

825 962

11 300

Ақмола

898

10,9

11,2

34 979

7 618

Ақтөбе

453

24,4

26,5

40 346

12 913

Алматы

22

32,5

38,8

2 609

6 000

Атырау

1 304

40,7

41,9

186 713

12 887

Батыс Қазақстан

253

25,1

25,2

23 495

9 548

Жамбыл

75

45,3

53,5

7 806

9 333

Қарағанды

478

28,3

30,5

47 289

7 576

Қостанай

105

21,9

23,1

8 737

10 625

Қызылорда

180

18,1

26,0

11 094

9 167

Маңғыстау

677

30,2

22,9

67 228

11 068

Оңтүстік Қазақстан

65

20,7

21,5

4 915

18 167

Павлодар

169

31,6

29,2

19 166

8 833

Солтүстік Қазақстан

22

33,3

33,3

2 674

14 045

Шығыс  Қазақстан

348

25,2

33,3

32 003

6 073

Астана қаласы

1 968

21,0

27,0

156 612

14 142

Алматы қаласы

2 446

28,3

34,2

180 296

12 123

 

 

 

 

Қазіргі таңда Қазақстан қалаларының үш жұлдызды қонақ үйлердің көптеген шешімін таппай отқан мәселелері бар. Олар:

  • жұлдызды қонақ үй саласында жұмыс істейтін персоналдың біліктілігінің аздығы, тәжірибесінің жоқтығы;
  • клиенттермен байланыстың тиімді жолдарын іздестіру, клиенттердің қажеттіліктерін ескеру;
  • номер құнының жоғары бола тұрып, сапасының төмендігі;
  • қонақ үйдің категориясына қызметтер кешенінің сәйкес келмеуі;
  • жұлдызды қонақ үйлердегі номер санының аздығы;
  • қалалар бойынша жұлдызды қонақ үйлер туралы ақпараттың тапшылығы және берілген ақпараттарда қонақ үй бөлмелерінің ақысының дұрыс көрсетілмеуі;
  • жұлдызды қонақ үйлердің жеке веб-сайттарында ақпараттың жаңартылмауы және жарнамалаудың шектен асуы;
  • Қазақстандағы жұлдыздық жүйенің халықаралық талаптарға сай болмауы.

Қазақстан қалаларында жыл сайын  үш жұлдызды қонақ үйлер саны артуда. Жұлдызды қонақ үйлер көбінесе қалаларндың орталық бөлігінде шоғырланған және комфортабельді номерлермен жабдықталған, ал қаланың көне бөлігіндегі жұлдыздық қонақ үйлердің жағдайы төмен.

          Жұлдызды қонақ үй қызметін заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны қаламыздың экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру басты мәселе болып отыр. Қазақстанның жұлдызды қонақ үй нарығын дамыту үшін ең басты кадр мәселесін шешу керек. Жұлдызды қонақ үй саласында халықаралық стандартқа сай қызмет көрсететін кадрлар жұмыс істеу қажет. Бұл қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр. Елдің туристік сала үшін кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарында Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған WTO-TedQual туристік білім беру сапасы жүйесін енгізу проблемалық мәселе күйінде қалып отыр [4, 102-б.].

Қазақстанда үш жұлдызды қонақ үйлердің мәселелерін шешу үшін үлкен жұмыстар атқарылуы тиіс. Қазақстанның жұлдызды қонақ үйлерінің келесідей дамыту жолдарын қарастыруға болады:

  • жұлдызды қонақ үй саласында жұмыс істейтін персоналдың біліктілігі мен тәжірибесін арттыру үшін шетелдік қонақ үйлерде арнайы курстардан өткізіп, шетел тілін меңгеруге мүмкіндік жасап, фронт-офисте қызмет көрсететін арнайы мамандарды даярлау;
  • жұлдызды қонақ үйлердің номер құны сапаға сай болуын арнаулы ұйымдармен бақылау;
  • жұлдызды қонақ үйлерде санитарлық талап нормаларын сақтау үшін осыған жауапты ұйымның бақылау және қадағалау жұмыстарын дұрыс жүргізуі;
  • қаладағы үш жұлдызды қонақ үйлер номері кем дегенде 40 бөлмеден тұруы қажет, себебі шағын қонақ үйлердің өзі халықаралық стандарт бойынша 100-150 номерден тұрады;
  • әрбір қонақ үй туралы ақпарат ала алатын қонақ үйдің өзінің веб-сайттарын құруы және осы сайтқа жауапты адамды тағайындау;
  • Қазақстандағы жұлдыздық жүйенің халықаралық талаптарға жақындату жұмыстарын өкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асыру.

Опубликован в научном журнале "Вестник КРМУ" 

Список литературы
1. Ехина М.А. Организация обслуживания в гостиницах: учеб.пособие для студ.учреждений сред.проф.образования/М.А.Ехина – 5-е изд., перераб. – М.: «Академия», 2013. – 240 с. 2. Чернышнев А.В. Профессиональная переподготовка и повышение квалификации специалистов гостиничного комплекса. – М.: Интелуниверсам, 2000. – 181 с. 3. Мазбаев О. Б., Омаров Қ. М. Қонақ үй шаруашылығы, Оқу құралы. Алматы, 2007. 4. Бесекей Е. Қонақ үй бизнесі:оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2012-240 б. 5. http://www.stat.gov.kz/
271 просмотр

Другие публикации автора

Для того, чтобы оставлять комментарии, вам необходимо войти в систему.