Главная /

Публикации

Жетілген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері

09 Март 2017
160
0
Авторы: Абдрахманова Акерке, Тажимуратова Санзира, Борамбаева Ақмарал

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «3-ші жаңғырту: жаһандық бәсекелестік» Жолдауында (31 қаңтар 2017 жыл)«Бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі»

Экономикалық әдебиеттерде бәсекелестік қабілеттің мәні экономикалық категория ретінде жан-жақты зерттеліп анықталды,дегенмен әзірге ортақ пікір жоқ.Соған қарамастан бәсекелестік түсінігінің экономикалық мазмұнына сүйене отырып көптеген авторлар оның әртүрлі аспектілеріне назар аударады.Мысалы: М. Портер  «Нарықтық қатынастар субектісінің тауарының, көрсететін қызметінің қасиеті, бәсекелес субьектілер сондай өнім шығаратын нарықтағы өнімдердің сапасына тең болуы керек».В.Е.Хруцкий «Берілген уақыт кезенінде бәсекелестік қабілеті жоғары өнімдерді шығару және өткізу жолымен нақты нарықта жемісті әрекет ету қабілеті» деп анықтама береді.

 Атақты ағылшын экономисі А.Маршалл өзінің «Принципы политической экономий» атты еңбегінде, бәсекелестік қабілетін деңгейі және әрекет ету ерекшелігіне қарай негізгі төрт түрге  бөлді.(1899 жыл)

  • Жетілген (таза) бәсеке;
  • Абсолютті (таза) монополия;
  • Монополистікбәсеке;(Э.Чемберлин, Дж.Робинсон Теория монополитической конкуренций 1931 жыл)
  • Олигополия

Біз мысал ретінде жетілгенбәсекенарығындағы кәсіпорынның әрекетіне назар аударамыз,яғни, олнарықтағыбағағаәсеретеалмайтынжәне оны өзгертеалмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық  құрылымныңбіртипі.

Жетілген таза  бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты ретінде  бірқатарқа таң болжамдарға сүйенеді. Атапайтсақ, оның шарттары төмендегідей болып табылады:

1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны нарықта өте көп болады.

2. Фирмалардың салаға кіруі және оданшығып кетуі еркін және олеш қандай тосқауылдармен шектелмейді.

3. Әрбір жеке фирманың нарықты қүлесі сон шалық тымардымсыз болғандықтан олардың әрқайсы сыбағаға бақылау жасай алмайды.

4. Сатушылар да, сатыпалушылар да нарықтың әрекетету жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толы қие бола алады.

Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты оған мынадай анықтама беруге болады. Жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін нарық құрылымының бір типі.

Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді түрде  өтеді.

 

Жетілген бәсеке артықшылықтары

Жетілген бәсеке кемшіліктері

-өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады;

 

-ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді;

 

-кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.

 

-нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады;

-ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу көпқар жынытала петеді;

-қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.

 

 

Әдетте нарықтықтағы бәсекелестік дербес фирмалардың нарыққа әсер ету қабілеті шегіндегі шектеулермен анықталады, яғни өзінің өнімін өткізу шартына әсер етуімен, әсіресе бағаға. Дербес фирмалар нарыққа барынша аз әсер етсе, соғұрлым нарықта бәсекелі орта бар деп есептеледі. Егер әрбір фирма өз бетінше нарыққа әсер ете алмаса, онда оны нарықтық сұраныс және ұсыныспен анықталатын мөлшер ретінде қабылдайды. Мұндай нарықты жетілген бәсеке нарығы деп атайды.

Егер дербес фирмалар өздерінің өнімдерін өткізу шартына әсер ету мүмкіндігі болса, онда олардың арасында бәсекелестік орын алады, ал нарық барынша бәсекелі деп есептелмейді. Дегенмен бәсекелестікке байланысты нарықтық құрылымдардың бәріне ортақ принциптерге тоқтайық. Ол үшін шекті табыс (MR) категориясын енгізейік, оны тауардың қосымша бірлігін сатумен шақырылған фирманың жиынтық табысының (TR) өзгеруі деп түсіну керек, басқаша айтқанда (Теория рыночный экономики. Микроэкономика. Под ред. Проф. А.Д.Смирнова и др. Соминтэк 2016 жыл, стр 111-120).

Егер фирманың табыстары қол жеткізілген өндіріс деңгейінде айнымалы шығындардан артық болса, фирманың жұмыс істеп тұруының мағынасы бар, ал итабыс айнымалы шығындардан аз болса фирма өнд ірісті тоқтатуға мәжбүр болады – Ереже 1 деп білуіміз керек.

Енді басқа бір ситуацияны қарайық. Егер өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен табыс, оны өндіруге жұмсалған шығынмен тең болса фирманың өндірісті ұлғайтуының қажеті жоқ. Формуласы MR=MC, мұнда MR-шекті табыс, MC – шекті шығын. Басқаша айтқанда, егер фирма өнідірісті тоқтатпауға шешім қабылдаса, ол соншама өнім өндіру керек, нәтижесінде шекті пайда шекті шығындарға тең болады (MR=MC). Бұл – Ереже2.

Айта кету керек, бұл екі ереже универсалды сипатта болады және кез келген нарықтық құрылымда (жетілген бәсеке, монополия, олигополия, монополистік бәсеке) қолданылады.

Қорыта айтсақ, бәсекеге қабілеттілік нарықтық механизмнің ең елеулі элементі ретінде өнімнің, көрсетілетін қызметтердің  саның  көбейтуге, сапасын жетілдіруге, еңбек өнімділігін арттырып өндірістің тиімділігін көтеруге соның арқасында нарықтың сыйымдылығын толтыруға,мемлекеттік бюджеттікке кірісті көбейтуге, жалпы елдің игілігіне қызмет жасайтын басты құрал болып табылады.

 

Для того, чтобы оставлять комментарии, вам необходимо войти в систему.