Главная /

Публикации

Нарықтық қатынастар жағдайындағы бәсекелестіктің негізгі функциялары

09 Март 2017
49
0
Авторы: Мырзабай Ринат

А.Маршаллдың пікірі бойынша Бәсекелестік,біріншіден бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.

Екіншіден, Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты

Жалпы бәсеке күресі - динамикалық процесс.

Ол нарықты тауарлармен жақсы қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Осыған байланысты, Йозеф Шумпетер бәсекелестіктің 4   функциясына назар аударады

  1. Реттеу функциясы
  2. Мотивация функциясы
  3. Бөлу функциясы.
  4. Бақылау функциясы

Реттеу функциясы. Бәсеке күресінде табан тіреп тұру үшін кәсіпкер - тұтынушы жоғары бағалайтын зат ұсынуы керек. Осыдан келіп өндіріс факторлары бағаның әсерімен өнімге барынша көп қажеттілігі бар өндіріс саласына бағытталады.

Мотивация функциясы. Кәсіпкер үшін бәсекелестік бір мезгілде алдына қойған мақсатына жету мүмкіндігіне және тәуекелде болып табылады:

Бөлу функциясы. Кәсіпорындар мен үй шаруашылығы арасында, олардың тиімді үлес салмақтарына сәйкес табыстарды бөлуге мүмкіндік береді

Бақылау функциясы. Бәсекелестік әрбір кәсіпорынның экономикалық күшін шектейді және бақылайды. Монополистік бағаны қояды.

Сонымен бірге бәсекелестік сатып алушыға бірнеше сатушының арасынан таңдау мүмкіндігін береді.

Бәсекелестік неғұрлым жетілген болса, соғұрлым баға әділетті болады. Бұл функциялар қазіргі таңда Қазақстан экономикасында да өзектілігін жоймай отыр. ҚР Президентінің «3-ші Жаңғырту: жаһандық бәсекелестік» Жолдауында бәсекелестіктің функцияларын жаңа талапқа сәйкес жетілдіруге барынша басымдық береді.

Для того, чтобы оставлять комментарии, вам необходимо войти в систему.