Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

УДК: 378.1                                                                                                                  

                                                                                                                                         Мария Батай

 аға оқытушы,магистр

Қазақ экономика, қаржы және

 халықаралық сауда университеті

Астана қаласы.

Ильясова Қ.И.

Профессордың ассистенті, магистр

Қазақ Америка Университеті

Алматы қаласы

Білім беру жүйесін индустриалды- инновациялық даму

аясында қарастыру бағытындағы – ақыл-ой инвестициясы

Әрбір елдің өркендеуі де,

тұғырының биік болуы да «халық пен халықты,

 адам мен адамды теңестіретін білім» (М.Әуезов).

Білім беру жүйесін индустриалды- инновациялық даму аясында қарастыру бағытындағы инвестиция салу мәселесі ел дамуы үшін үлкен маңызды мәселе. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері қарай өз экономикасы үшін тікелей тартқан инвестициясы 115 млрд. долларды құрайды. Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның 90 пайызы еліміздің еншісінде. Яғни Қазақстан инвестиция мәселесінде табысты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Жалпы қол жеткен нәтижелерді сараласақ, Қазақстан негізінен шикізатқа бай мемлекет ретінде инвесторлардың назарына көбірек іліккен. Инвестицияның негізгі көзі де сол секторға салынған. Ендігі мақсат шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар тарту болып табылады. Бұл ретте сарапшылар көбінесе қазақстандық индустрияландыру жобасына, сондай-ақ жаңадан іске кірісіп отырған Кеден одағының әлеуетіне назар аудартып келеді. Өйткені, шикізаттық емес секторды дамытып, оған инвестиция тарту үшін ең әуелі тұтыну нарығының қаншалықты ауқымды қамтитындығына назар аударылатыны сөзсіз. Инвестиция тарту қаншалықты әлеуетті мәселе болса, қолда бар қаражатты дұрыс салаға бағыттай білу одан да әлеуетті шара.

Экономиканың дамуына инвестиция салудың үш түрлі жолы бар. Оның біріншісі – тұрмысты жақсарту үшін мұнай мен газдан түскен қаржыны жұмсау. Екінші - сыртқы әлемнен тыс, өзіндік ортада іштей даму. Бұл бағытты қолдаушылар жеткілікті. Өйткені, сыртқы әлеммен бәсекеге түспей өмір сүру кейбіреулер үшін қолайлы болмақ. Ал үшінші  - білім мен инфрақұрылымға инвестиция салу. Бірақ мұнда білім саласы бірден нәтиже беремеседе, біз  бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау арқылы болашақта дамудың жаңа мүмкіндігіне қол жеткізе алатындығымызға сенеміз. Әлем елдері арасында бәсекеге қабілетті болу үшін инфрақұрылымға инвестициялаудың маңызы зор.

Елдің бәсекелестігін дамытуда білім-ғылым саласына басымдық беру - бұл болашаққа ақыл-ой инвестициясын салумен бірдей. Яғни, келешектің дамуына адами капитал арқылы жету. Жалпы алғанда, білім-ғылым сапасы кез-келген мемлекет үшін тұрақты әрі орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады. Соның ішінде білім саласындағы адами капитал ілгерішіл өзгерістердің, инновацияның және елдің өнімділігін арттыратын басты қозғалтқышы екені даусыз. Расында, жаһандану заманында әрі ұлттар мен мемлекеттердің өзара бәсекелестігі мен ықпалдастығы артып отырған жағдайда, ең бірінші кезекте, адамның «ақыл-ойына», оның біліміне көп күш салынатыны белгілі. Саналы түрде басқарылатын дамудың ұзақ мерзімді көрінісін қамту үшін де бүгінгі ұрпақтың сапалы білім алуы өзекті мәселенің бірі. XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш  жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап қелді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды. Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын қеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды.

Елдегі білім жүйесінің бірнеше құрылымдық бөліктері бар, олар- деңгейлік, ұйымдық (ішкі ұйымдық пен сыртқы ықпалдары қосқанда), мазмұндық болып бөлінеді. Білім- күрделі және созылыңқы үдеріс, ол кәзіргі заманғы көз қарастар тұрғысынан, соның ішінде адам дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам  өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Білім екі жүйеде негізделеді - американдық және еуропалық жүйелер.

Американдық жүйе білімді қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі рөлімен өзгешеленеді, бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Мектептер муниципалды  органдардың қарамағында болады, ал жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында шамамен алынған сандық паритет орын алады. Білімді жалпы қаржыландыруда жергілікті қаражат көздері ұлттық  қаржыландырудан басым болып келеді. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне ақылы, бірақ студенттерге білім қызметтеріне көмек  көрсететін тармақталған жүйе бар.

Еуропалық жүйеде-мемлекеттік және тегін білім алу басым. Терең тарихи тамырлары бар университеттер автономиясы жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы  орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы міндеттер көбіне қамқоршылар қеңесіне жүктеледі. Американдық жүйеге қарағанда түбегейлі терең білім деңгейі жоғары.

Отандық білім беру нарығында халықаралық ұйымдардың қатысуы келесідей бағытта жүзеге асырылуда:

  • халықаралық ұйымдардың бағдарламалары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, НАТО, МАГАТЭ және басқалар);
  • дамыған елдердің мемлекеттік бағарламалары (АҚШ-та USIA, ACCELS,IREX, Германияда-DAAD, Францияда-CNOUS);
  • жеке қорлардың бағдарламалары (SOROS, FORD, MacArtur және т.б.) АҚШ-та 55%-ға жуық жоғары оқу орындары мемлекеттік болып табылады, бipaқ, ең озықтары – жеке меншік жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір заңды түрде мақтан тұтатын алғашқы американдық университеттер жеке меншіктегі университеттер болды, ал анағұрым арзан ақымен оқытатын мемлекеттік жоғары оқу орындарын штаттағы өкіметтер жоғары білім алу мүмкіндігін арттыру үшін ашқан.

Жалпы білім беру жүйесін индустриалды инновациялық даму аясында қарастырсақ, әлемдік банктің бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалы қамтамасыз ету өндіріс аясында жасалады екен.

Экономикада инновацияларды жүзеге асыру оқу мекемелерінде жаңа оқыту әдістеріне әкеледі. Экономикалық өсудің басты факторларының бірі білім потенциалы, кәсіби ілімі, біліктілігі бар адам болып отыр. Адамның да жағдайы өзгеруде – инвестиция түлғасынан негізгі нысанға айналып отыр. Адам капиталына инвестициялау бағыттарының бірі білім беруге салымдар болып табылады. Инновация – бұл жаңа немесе жетілдірілген өнім түріндегі жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түріндегі қызметтің соңғы нәтижесі.

Білімге деген қажеттілігі бұдан былай жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану және білім беру қызметі сферасындағы онлайндық және коммерциялық ұйымдар жағынан бәсекелестікті кеңейту есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер компьютерлік желілерінің кеңеюімен және техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ірі жетістіктермен қамтамасыз етілген.

Қашықтықтан оқыту жүйесін ары қарай дамыту үшін келесі бірқатар мәселелерді шешу қажет:

  • инновациялық технологияларды   қаржыландыру   мәселелері   әлемдік тәжірибе      көрсеткендей      жаңа      ақпараттық      технологиялар      өз қызметтерінің ақылы болуы есебінен өзін-өзі қаржыландыруға қабілетті;
  • алайда, жаңа технологияларға салынатын бастапқы капитал салымдары мен тәжірибелерді мемлекет жеңілдетілген салық салу жолымен және де басқа шаралар арқылы қолдау қажет.
  • білім беру жүйесі ешқандай шектеусіз, елдің әрбір тұрғынына қол жететіндей әрі жоғары тиімді болуы тиіс. Бұл дистанциялық, соның ішінде виртуалдық, компьютерлік, ақпараттық және өзге қазіргі заман коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен бүкіл халыққа үздіксіз білім берумен тәрбиелеу үрдісі болуы тиіс.

Білім беру мен кәсіби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттік саясат мына міндеттерді шешуі тиіс:

  • білім беруді      дамыту      басымдылықтарының      бірі      ретінде инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлауды айқындау;
  • халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу;
  • жоғары технологиялы өндірістер саласында кадрларды даярлау үшін жоғары оқу орындарын (Халықаралық тәжірибе негізінде) құру немесе жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейімдеу;
  • құрылатын жаңа өндірістермен басқалары үшін жоғарғы білікті мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндірістеріндегі жұмыс үшін даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық; Мемлекеттің және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсіптік даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын институттарды құру;
  • халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу.

Жалпы  ҚР инвестиция үшін тартымды ел болатындай және жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде шаралар қабылдауы керек.

Бұл мыналарды қажет етеді:

  • өнеркәсіптің негізгі салалары мен қызмет көрсету сферасының инфра құрылымының кадрлық технологияларына сәйкес технологияны қалыптастыру кәсіби білім беруді жаңарту, оның сапасын арттыру және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес болу; бастауыш және кәсіби орта білім берудің басып озатындай дамуы;
  • ақпараттық технологиялар саласында, фундаментальды және инженерлік білім берудегі ғылыми мектептердің; университеттік ғылымның басыңқылық дамуы мен соның негізінде-венчурлік бөлімдер мен мекемелердің дамуы үшін жағдайлар жасау;
  • экономика мен өндірісті басқару және салалас «белсенді әлеуметтік ғылымдар» (құқық, социология) саласындағы кәсіби білім берудің сапасын жақсарту, соның ішінде жалпы білім беруге тиісті мазмұнды енгізу арқылы да.

Сонымен, бүгінгі күнгі білім беру – бұл жеке адамның да, бүкіл елдің де көркеюін қамтамасыз ететін, стратегиялық ресурс. Сонымен қатар, білім беру ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де көрінеді. Білім беру жекелеген өндірушілердің ғана емес, ұлттық экономиканың да бәсекелестікке қабілеттілігінің негізгі шарты. Соған сәйкес, білім беру жаңа жаһандану жолындағы әлемде икемді болып, өзгерістерге барабар жауап бере алатындай, ашық болуы керек.

Білім берудің мақсаты білім алу, дағдылану, тәжірибе жинақтау, шығармашылық қабілетінің дамуы, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерді алдын алу мен кешенді шешу процесінде, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмір сапасын тұрақты даму негізде жақсарту үшін, оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесу.

Білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілумен байланысты қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білімге келіп тіреледі. Жалпы алғанда, онжылдық бағдарлама екі кезеңмен іске асатын болады. Бұның 2012-2017 жылдарды қамтитын бірінші кезеңіне қажетті қосымша шығыстар 684 млрд теңгені құрайды. Бұндай шығынның басым бөлігі білім беру саласындағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамытуға, электронды оқытуға, педагогтар жалақысын ел экономикасындағы орташа жалақы деңгейіне дейін жеткізуге бағытталады.

Екінші кезеңіне бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай еліміздің барлық ауылдары мен қалаларындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мекемелерімен қамтылатын болады. Стратегиялық жоспар бойынша 2015 жыл 187 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар және 647 шағын орталықтарды ашылды.

 Қорытындылай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің  және экономиқалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз. Рухани-мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің баюына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді.

Әдебиеттер:

  1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
  2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

3.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

  1. «www.strategy2050.kz».

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg