Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

УДК -656.2(574.4)  

Уажанов М.У.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті.

Астана қаласы.

 

КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКА ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Түйіндеме

Мақалада Қазақстан Республикасындағы логистикалық жүйенің  қалыптасқан жағдайы және қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі  білім, ғылым және өндірістің интеграциясының бағыттары қарастырылған.

Қазақстанда бизнесті жүргізу тәжірибесі көрсетіп отырғандай көліктік логистика еліміздің экономикасының дамуының деңгейін арттыруда және экономикалық қауіпсіздігінде маңызды рөлді атқарады. Қазақстан Республикасының көлік стратегиясына сайкес, Қазақстан әлемдік көліктік-коммуникациялық жүйесінің бір бөлігіне айналуы қажет, мұндай жағдай еліміздегі барлық көліктік инфрақұрылымының дамуын талап етеді.

Мемлекеттік стратегия көздеп отырған экономиканың әртараптандырылуы және осы жағдаймен байланысты жет­кізі­лім тізбегінің қиындауы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде бәсекелестіктің артуы, қазақстандық өнімді ғаламдық нарыққа оңтайлы жет­кізу қажеттілігі Қазақстан экономикасының көліктік-логисти­калық жүйесін жаңа сапалық деңгейге кө­теруді талап етеді. Бұл жағдайлар өз кезегінде осы саладағы жаңа технологияларды жетік меңгерген мамандардың болуын талап етеді

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы» атты жолдауында көрсетілген басты алғышарттарды орындауға бағытталған негізігі міндеттердің бірі республиканың транзиттік потенциалын жақсарту және жаңа бағыттардың жолдарын жасау болатын.

Индустриальды жобаларды іске асыру, жетік технологияның трансферті негізінде темір жол көлігінің өндірістік базаларын модернизациясын жүргізу, қозғалыс құрамдарын және инфрақұрылымды жаңарту саланын басты басымдықтары болып саналады.

Көліктік-логистиканы зерттеу саласында стратегиялық серіктестік пен көлік логистикасы саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар және  жобалардың үйлестірушісі қызметін атқаруды көздеу мақсатында   «Kazlogistics» Қазақстанның көлік одағы құрылған болатын.

Орталықты құрудың басты алғышартына 2016 жылға қарай Қазақстанды аймақтың сауда, логистика және іскерлік хабы ретінде қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Көліктік саясат сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдау үшін, ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету, сүйемелдеу, сонымен қатар тәжірибелік кепілдемелерді жасау арқылы елдің көліктік-логистика әлеуетіне көмектесу - Орталық үшін қызметтің келешектегі бағыттары болмақ. Логистика орталығы сонымен қатар, сала мамандары үшін конференциялар мен бизнес-форумдарды, біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды, көліктік логистика туралы бірыңғай, ақпараттық порталды құруды және Қазақстан Республикасындағы логистика операторлары мен экспедиторлық компаниялар үшін жолсілтеме анықтамасын шығаруды жоспарлауда.

«Kazlogistics» Қазақстанның көлік одағы экономика және қоғамның көлік қызметтері бойынша мұқтаждарын толық қамтамасыз ету үшін көліктік логистиканының  және көліктік-коммуникациялық кешеннің дамуын қамтамасыз ету саласында тиімді жұмысты қалыптастырып атқарады. Орталық көліктік логистика саласындағы барлық жаңа бизнес-бастамалар мен жобалардың үйлестірушісі, көліктік-логистика зерттеулері саласындағы стратегиялық серіктестік, Supply Chain Management провайдері және логистика саласындағы ассоциациялар мен форумдар өзара әрекетінің үйлестірушісі ретінде шығады.

Одақ  көліктің барлық түрлерімен, халықаралық жүк  тасымалдауларының, сыртқы  экономикалық  және транзиттік жүк ағымдары нарығындағы өзгерістердің тұрақты мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қазақстан Республикасындағы тиімді көліктік-логистикалық секторын дамыту мен қалыптастыруға көмектесу одақтың негізгі қызметі болып табылады.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру Жарғысына сәйкес,

қызметтің төмендегі түрлерін жүргізеді:

- Қазақстан Республикасының көлік саясаты және көліктік -логистиканы дамыту саласында зерттеулерді жүргізу;

- көліктік-логистика саласында перспективалы бағыттарды    және  транзиттік  жүк, ағымдары үшін коридорларды  анықтау бойынша     зерттеулерді  жүргізу;

- Қазақстан Республикасы мен шетелде көліктік   логистика  қызметтері нарығының    маркетингтік зерттеулерін жүргізу;

- көліктік - логистика қызметтерінің саласында сараптамалық қорытындыларды жасау мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, логистика қызметтерінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін стратегиялық жобаларды анықтау;

- көліктік-логистика қызметтерін дамыту сұрақтары бойынша мемлекеттік органдарға, өндірістік кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға және жеке тұлғаларға ақпараттық және кеңестік қызметтерді көрсету;

- көліктік-логистика саласын дамыту сұрақтары бойынша конференциялар мен бизнес-форумдарды өткізу, сонымен қатар көліктік-логистика қызметтерінің саласында мамандарды даярлау бойынша тренингтер мен семинарларды өткізу;

-  көлік пен логистика және сала бастамаларының бизнесін нығайту саласында ассоциациялармен өзара әрекеттесу;

- ортақ зерттеулерді жүргізу, техникалық тапсырмаларды даярлау, ортақ кепілдемелер мен ұсыныстарды жасау сұрақтары бойынша отандық және шетелдік сарапшылармен, кәсіпорындармен, дамыту, халықаралық институттармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу;

- түрлі форматтар мен басылымдарда әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық әдебиеттерді, ғылыми және сараптамалық зерттеулер нәтижелерін дайындау, басып шығару және тарату;

- көліктік-логистика қызметтерін дамыту индикаторларының жедел мониторингі үшін мәліметтердің ақпараттық-статистикалық базасын құру;

Қазақстан Республикасының көліктік-логистика секторына инвесторлар мен транзиттік, ағымдарды тарту, көлік логистикасы саласында қазіргі заман механизмдерін еңгізу бойынша маркетингтік шараларды өткізу.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялвр министрлігінің ақпараттарына сүйенсек тақаудағы 5-10 жылда елімізде 20-ға жуық көліктік-логистикалық орталықтар құру қажет деп отыр. Оның 15-сі орташа көліктік-логистикалық орталықтары, барлық облыс орталықтарныда құрылса ал   5-і ірі аймақтық орталықтарында құрылады дер отыр. Мұндай орталықтар желісін құрмай, ірі көлемдегі транзитті елге тару күрделі болады деп отыр. Қазіргі қалыптасқан көліктік-логистикалық қызмет көрсету  нарығы жеткіліксіз дамыған, тек қана сонғы екі-үш жылда ғана осы бағдарламаны іске асырудың ірі жобалары пайда болды.

Нарықтағы бәсекелестік деңгейінің жоғары болуына орай клиенттермен жұмысты халықаралық сервистік деңгейге жеткізу қажет. Қазақстанның ғаламдық көліктік-логистикалық нарық­тағы орнын иемденуге қажетті мүмкіндіктерді тиімді пайда­лан­ған жөн. Бұл серпінді шешімдерді, тың қадамдарды қажет етеді.

Осындай шешімнің бірі – көліктік-логистикалық бизнеске әлемдік жетекші компанияларды тарту болып табылады.

«Ғаламдық серіктес» жобасы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа саясатындағы клиент, тапсырыс беруші сұранысын толығымен қанағаттандыру саласындағы, әсіресе сыртқы нарықтағы негізгі бағыттарының бірі.

Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін бәсекелестікке сай ету үшін оның қолайлы институционалдық ортасын қалып­тастыру қажет.

Әлемдік банктің сараптауынша, логистикалық шығындар көп болуы (құжаттарды ресімдеу уақытының ұзақтығы, санының көптігі, инфрақұрылымның жағдайы, тер­миналдардағы жүктерді өңдеу тәртібі, басқа да көліктік шығындар) халықаралық саудадағы төменгі көрсеткішке әкеліп соқтырады.

Мұның барлығы жүк жеткізу мерзімінің бұзылуына, сауданың тұрып қалуына,нәтижесінде жүк жөнелтушінің басқа қолай­лы тасымалдау құралын іздеуіне себеп болады. Көліктік логистиканы дамытудың мәселері мен пайда болуына ықпал етуші факторларын келесі кестеден көруге болады ( кесте 1).

Кесте 1- Көліктік логистиканы дамытудың мәселері мен пайда болуына ықпал етуші факторлар

Көліктік логистика мәселелері

Мәселенің пайда болуына ықпал етуші факторлар

Бірлікті технологиялық процесс негізінде жүк жіберушінің қызметін, оның көлік жүйелерінің магистральды темір жол станцияларымен жұмысын реттеудің болмауы  

Магистральды темір жол станцияларымен қызметтерін  реттеумен жүйелі жұмыс жасайтын бірлікті  жүйе  бұрын қалыптаспаған

Логистикалық қызмет көрсету орталықтарының болмауы

Логистикалық қызметтерді сату желілерінің болмауы

Трансұлттық корпорациялардың стратегиялық логистикалық шешімдерін қамтамасыз ететін дамыған жаһандық инфрақұрылымы,  техникалық жабдықтары және ақпараттық технологиялары бар халықаралық экспедиторлардың болмауы (логистикалық делдалдардың).

Халықаралық экспедиторлардың (логистикалық делдалдардың) қызметін талдап біздін көліктік-логистикалық жүйеге икемдейтін  бір орталықтың қалыптаспауы.

Ескертпе - [4]  әдебиетінің алынды.

   

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалдарының бәсекелестік мүмкіндігін жақсартуға жағымды жағдай қалыпатастырудың алғышарттарына келесілер жатады:

Бірлікті технологиялық процесс негізінде жүк жіберушінің қызметін, оның көлік жүйелерінің магистральді темір жол станцияларымен жұмысын реттеудің болмауы  мәселесі;

Логистикалық қызмет көрсету орталықтарының болмауы мәселелсі;

Инвентарлы парктің және  вагондардың жетіспеушілігі, оның пайда болуына ықпал етуші фактор жеке меншік вагондар және жүк жіберушілер операторларының арасында өзара байланыс жасайтын ақпараттық жүйенің болмауы қарастырылды;

Трансұлттық корпорациялардың стратегиялық логистикалық шешімдерін қамтамасыз ететін дамыған жаһандық инфрақұрылымы,  техникалық жабдықтары және ақпараттық технологиялары бар халықаралық экспедиторлардың болмауы (логистикалық делдалдардың) мәселесі;

Басқа көлік түрлерінің базасы: құны, тасымалдау логистикасы, негізгі  жүк жіберушілер туралы  ортақ базаның болмауы мәселелері қарастырылды.

Мысалы, Еуропалық Одақ елдерінде темір жол саласының тиімді үлгісі қалыптасқан. Ол көліктік-логистикалық қызметті дамытудың серпінді жобаларын жүзеге асыру арқылы нақты тапсырмаларға жауап беріп отыр. Соның арқасында Герма­нияның ұлттық темір жол компаниясы қысқа мерзімде ғана қайта жаңғырып, мемлекеттік тұрғыда қайтарымсыз қаржыландырылып келген мекемеден көліктік-логистикалық нарық­тағы әлемдік жетекші компанияға айналды. Бұл, мемлекет пен бизнестің міндеттері мен жауапкерші­лігінің ара-жігін ажырату, көліктік-логистикалық қызмет көрсету саласын реттеуді ырық­сыздандыру, мемлекеттік реттеудің сапалық құрылымдарын қалыптастыру арқылы жүзеге асты.

 «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» жобасын жүзеге асыру барысында кедендік ресімдеуді жеңілдетуді, сауда және көліктік сұраныстардағы тіркеуді және коммерциялық тәртіптерді аталған кепілдеме ұсыныстар негізінде қабылдауы қажет.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы еліміз Еуропа-Азия бағытында және экономикада, айналымға жаңа ресурстық базасын қатыстыру есебінен трансқазақстандық темір жол бағытының тартымдылығын арттыра түспек.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде, құрылыспен байланысты жаңа­дан 13 мыңдай жұмыс орны, 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жаңа темір жол желілерін салу, экспорттық және транзиттік потенциалын арттыру арқылы Қазақстан өзінің бәсеке қабілеттілігінде арттырады.

Қорытындылай келе Қазақстан темір жолы Ұлттық  компаниясының тәжірибесі көрсетіп отырғандай көліктік логистика еліміздің экономикасының дамуының деңгейін арттыруда және экономикалық қауіпсіздігінде маңызды рөлді атқарады. Қазіргі уақыттары  жүктерді тасымалдау және сақтау бойынша кешенді қызмет көрсететін бірнеше әмбебап логистикалық орталықтары бар. Қазақстан Республикасының көлік стратегиясына сайкес, Қазақстан 2015 жылы әлемдік көліктік-коммуникациялық жүйесінің бір бөлігіне айналуы қажет, мұндай жағдай еліміздегі барлық көліктік инфрақұрылымының дамуын және осы сала  бойынша кадрларды дайындауды талап етеді.

Сондықтанда көлік компаниясының алдында тұрған мақсаттарына жету үшін мемлекеттің, ғылым, білім және бизнестің ықпалдастығын арттыру арқылы жүк тасымалдау логистикасымен байланысты туындап отырған мәселелерді шешуге болады .

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы. ҚР Президентінің 2006 жылдың 11 сәуірдегі № 86 үкімі// http://online.zakon.kz
  2. Қазақстан Республиксының Cтатистка жөніндегі Агенттігінің ресми сайты stat.kz.
  3. Қазақстан логистикасының бірыңғай порталының ресми сайты http://www.kazlogistics.kz, статистика бөлімінің материалдары
  4. Уажанов М.У. Жүк тасымалының логистикасының басқару механизмдері мен қолдану жолдары. Диссертациялық жұмыс.2015.
  5. inform.kz сайты, ҚазАқпарат 09 Желтоқсан 2013.
  6. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресми сайты http://www.railways.kz

Аннотация

В статье рассматриваются современное состояние транспортно- логистической системы  Республики Казахстан и основные направления по подготовке специалистов данной сферы в условиях интеграции образования, науки и производства.

Summary

This article discusses the current state of the logistics system of the Republic of Kazakhstan and the main directions of improving the quality of education in the integration of education, science and industry.

 

 

 

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg