Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ.

Абдразакова А.У.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң аға оқытушысы

Сақтапов Ербол

Ист-18-1 оқу тобының студенті

Елбасымыздың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласында жарқын болашаққа нық қадам басу үшін - ұлттық сана-сезіміміздің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып жетуге болатындығын негіздеп берді. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтыны айтылды. Сонымен қатар, ұлттың дамуына кедергі болатын өткен тарихымыздың керітартпа тұстарынан да бас тарту керектігіне мән берілді.

Мақалада салт-дәстүріміздің, тіліміз бен әдебиетіміздің бойымызда сақталып, жаһандық әлемнің жаңалықтарынан тыс қалмауға шақырады. Әсіресе қазақ тілінің қоғамдағы орны мен тарихына тоқталып, болашағын айқындады. Қазақ тілі – бейнелеуге келгенде өрнегі мол өрелі, сиқыры мол қанатты, мағынасы терең ойлы, парасатты да пайымды, алмастай өткір аса бай тіл. Ұлт үшін тілден асқан асыл жоқ. Тілден айрылған ұлт, ұлттық құндылықтарынан айрылып, өзін-өзі жоғалтады. Халқымыз ана тіліміздің рухани қуатын, санқырлылығын, мағыналылығын ғасырлар бойы дамытып келеді. Бұл жолда әсіресе қаламгерлеріміз ерекше үлес қосты. Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ана тіліміздің келешегі үшін аянбай басын бәйгеге тіккен ақын-жазушыларымыз аз емес. Солардың бірі де берегейі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Ол-қазақ тілі, көркем шығарманың тілі жайлы көп жазып, көп пікір айтқан жазуші. Қаламгердің тіл мәселесіне баса назар аударып, тіл туралы әр тұста жазып отырған пікір-тұжырымдары аз емес. Ғабит Махмұтұлы ана тілінің абыройын асырып, өз кезі ғана емес, келесі ұрпақтардың да әрдайым есінде жүруге лайықты өміршең пікірлер айтқан ұлтжанды азаматтарының алдыңғы қатарында жүрді.

         Қаламгердің «Ана тілін арымыздай ардақтайық» деген мақаласында «Әдебиет тілі бір халықтың тіл байлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге, сол халықтың елдік дәрежесін, ой-кемерін сезіну тереңдігі мен таяздығын да көрсетіп тұрады» - дегені бар[1]. Бұл жерде ғұламаның тіл мәселесіне ерекше мән беруі – ізін қуып келе жатқан жас толқынға үмітпен қарап «халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі оның- «Ана тілі» [2] – деп, осындай құндылықты бағалауға шақырады.

Бүгінгі күні қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде жүз отыздан астам этносты құрайтын Қазақстан халқының тұтастығына ұйытқы болып отыр.Қазақстан тәуелсіздігін жарияласымен осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып табылатын қазақтардың тілін, мәдениетін қайта жаңғыртуды және Қазақстанның әрбір этносының мәдени, тілдік құндылықтарын қамтамасыз етуді мақсат еті. Алғашқы бес жылда мемлекет құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына біраз артықшылықтар берілген еді. Мемлекет құрушы ұлт сол мемлекеттің территориясында тарихи қалыптасқан және құрамы басқа ұлттарға қарағанда сан жағынан анағұрлым басым болуға тиіс. Мемлекет құрушы ұлт белгілі бір мемлекеттің халқының негізгі бөлігін құрайтын, мемлекеттің ресми атауы мен мәнін, бағыт бағдарын айқындаушы ұлт болып табылады.

           1990 ж. 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі» туралы мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан өзін өзі таныған, өз болмысын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды. Ал, 1995 жылғы қабылданған жаңа Конституцияда Қазақстан халқын титулды немесе титулсыз деп бөлу жойылғандығы баяндалды. Алдағы күтілетін нәтиже - түрі, тілі, діні, мәдениеті әртүрлі болғанымен жүрегі бір «мен қазақстандықпын» деген сананы қалыптастыру.Қазақ ұлты мен елдегі диаспоралар бірігіп Қазақстан халқын құратыны ақиқат. «Қазақ» анықтамасынан бас тартпай, «қазақстандыққа» айналып жатсақ, бұл диалектикалық қарама қайшылықтардың өзара енуі заңына қайшы келмейді. Керісінше қалған этностарды, яғни қазақтардың құрылымына магниттей тарта түседі. Қазақтар шынайы ұлт құрушы ұйтқысына ие болады [4]. Қазақстандық ұлт қазақ тілді ұлт болады деп сенгіміз келеді. Орыс тілі посткеңестік кеңістікте этносаралық тіл рөлін атқарғанымен, қазақстандық ұлтты құратын болсақ, мемлекет құрушы ұлттың тілі мемлекеттің халықаралық аренадағы беделі үшін ана тілінің мәртебесін қорғап қалу керек. Тілі жоқ халықтың өзі жоқ деп алаш ардақтылары айтқандай, халқының саны басымдыққа ие болып отырып, тілінің қолданыс аясынан шығып қалуына жол бермеуіміз керек. Бұл елдігімізге сын. Қазақстан бүгінгі күні саны 130 – дан астам әртүрлі этнос өкілдерінің өмір сүретін ортақ Отаны. Қазақстан этностардың тең құқылы саяси қоғамы. Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге – де ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік береді.

Қазақтың кез келген салт-дәстүрінің астарында терең мән бар. Ұлттық дәстүрдің негізінде баланың жеке тұлға болып қалыптасу процесі жүріп отырған.Тіпті қазақ халқының мақал-мәтелдерінің өзінде зор мағына жатыр. «Ақыл жастан, асыл тастан», «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», «Тәрбие - жалқауды да адам етер, еркелік - жақсыны да надан етер» деген халық даналығы тәрбие процесінде үнемі қаперде жүрсе қапыда қалмаспыз. Сырттан еніп, халықты рухани әлсірететін дүниелерге қазақы рухани деңгейімізбен қарсы тұруымыз керек. Өзімізде бар дәулетті неге жаттан алуға тиіспіз.

Рухани бірлігі мен дініне берік елге ешқандай алауыздықтар, сыртқы ықпалдар әсер ете алмайды. Бұл жөнінде елбасымыз: «Біз өзіміздің ең ірі әлемдік діни дәстүрлерге ұдайы қосылып отырғанымызды ұмытпағанымыз абзал. Бұл да біздің бүгінгі бірегейлігіміздің негізі болмағанмен де, бір бастау көзі. Жиырмасыншы ғасыр жалпы тосын қайшылықтар дәуірі, солардың бірі – бүгінгі әлемде рухани жаңғырудың қосымша құрамдас бөлігі боларлық діні жоқ ұлт арагідік бөгде мемлекеттік жүйенің жемі болатындығы. Ал ондай мемлекеттер өзінің діни құндылықтарын саналы түрде немесе ойланбай – ақ басқалар үшін үлгі ретінде ұсынады... Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңеге үйретпейді. Жалғыз – ақ бізге қауіп төндіретіні діни білімдеріміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны. Әрине, бұл мемлекеттің ісі емес. Алайда, біз бір елде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан шынайы сенімнің жарық сәулесі дүмшелердің кесірінен көмескі тартпаса екен дейміз. Діни фанатизм нанымның молдығынан емес, шынайы діни мәдениеттің кемдігінен шығады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http:www.inform.kz/elbasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru
  2. Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері. Алматы: «Жалын», -1996. 94 б.
  3. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы, II том Алматы: «Жазушы»,- 1980.-572 бет
  4. «Ұлттық идеяның шырғалаңы» Сәтбай Дастан, Әлімсақ. 2013. №1

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg