Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

 

АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының

оқытушысы, тарих магистрі

Асанбаева. А. Ж.

Ист-17-1 Қарабала Аружан

Та рла н та рих бәріне куә. Өткенге көз жіберіп, та рих беттерін па ра қта са ңыз әрбір ха лықтың қа йта ла нба с құндылықта р жүйесін қа лыпта стыра  отырып, әркезде дербес да муға  ұмтылға нын көруге бола ды. А за т өмір сүруді ба сты мұра ты еткен қа уымда рдың та рихи-геогра фиялық орна ла суы, этногенетика лық біртектіліклігі мен мәдени үйлесімділігі және тіл орта қтығы бірегей са яси-экономика лық мүдделер төңірегіне тоғысуға , сол а рқылы тұта с ха лықтық құндылықта р жүйесін қа лыпта стыруға  негіз болды. Осыла йша  өзіндік өріс жа са й а лға н әрбір ел дүниежүзілік өркениетке де қа йта ла нба с өз үлесін қосты. Бүгінгі та ңда  өркениеттер тоғысы қоға м та нушыла р та ра пына н жа ңа ша  са ра ла нуда . Әлем та рихы бұрынғыда й ба тыс елдерінің мүдделері тұрғысына н ға на  емес, ға ла мдық өркениеттер оша ғы болға н шығыс ха лықта рының та рихта ғы орны мен рөлін қа перге а ла  отырып қа йта  зерделенуде. Ба сқа ша  а йтқа нда , та рих жа зуды са ясила ндырудың за рда бын са ла уа тты ойла й білетін әлемнің әрбір   озық ойлы а да мы сезіне де түсіне ба ста ды. Қа зіргі та ңда  дүниежүзілік білім кеңістігіне енуге ұмтылып отырға н Қа за қста н ха лқының да  толымды төл та рихын жа ңа ша  зерделеуге бет бұрға ны көңілге шексіз қуа ныш сила йды.

Қазіргі Сыр бойы талай заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа ғұмыр кешіп, көш керуенін өткерген. Талай рет ат тұяғымен тапталып, бұлқынған жер. Өрт жалмаған қалалар мен қорғандар жыл өткен сайын үлкен – үлкен үйінді обаларға айналуда. Тіпті кейбірінің іздері де өшу алдында.

   Сыр өңірін есте жоқ ерте дүниеден бастап адамдар мекендеп, уақыт өткен сайын олардың мәдениеті ілгерілей түскенін археологиялық қазбалардың нәтижелері мен осы кезге шейін сақталынып келген көне ескерткіштер айғақтап отыр.

Ерте дәуірлердегі мәдени ескерткіштерді біз көне кезең, орта ғасыр және жаңа заман мұралары деп үшке бөлеміз.

Ежелгі дәуір ескерткіштерін Ә. Марғұлан өзінің «Памятники искусства Казахстана» (1971) атты еңбегінде тұтас шолып, әңгімелеген. Оның айтуынша, петроглифтер (шимай, аңшылық суреттері) неолит (тас), мыс дәуірлерінен бәрі бар[1.30].

Көне дәуір ескерткіштерінің екінші бір түрін Ә. Марғұлан мегалиттер дейді. Оған Орталық Қазақстан, Тарбағатай, Жетісуда кездесетін тас қала, минареттер жатады [1.32].

Арал өңіріне жататын Қызылорда облысының тарихы мен мәдениеті бір кездері өмір сүрген тайпалар мен мемлекеттік бірлестіктердің тағдырымен байланысты екені белгілі. Өңірдің тарихи даму жолы мейлінше күрделі. Оның бастау тегі, алғашқы семантикалық-композиялық нышандары палеолит, неолит, қола дәуіріндегі тарихтың қалың қыртысынан белгі береді. Соның ішінде өңір тарихи және мәдени ескерткіштерге толы. Әсіресе, археологиялық ескерткіштер: қорғандар, мешіттер және де қалашықтар көптеп кездеседі.

Жаңа тас ғасырына жататын алғашқы адамдардың тұрағы Арал ауданындағы, Сексеуіл станциясы төңірегенде (Космола 4), қала ескерткіштері Қармақшы ауданының территориясында орналасқан. Оларға: Темір ғасырынан бастап, орта ғасырымен мерзімделетін Алтынасар, Жетіасар, Баланды 2 тағы басқа ескерткіштерді мысалға келтіруге болады [2.13].

Ертедегі Отырар мен Түркістан қалаларындағы кейінгі орта ғасыр қабаттарында жүргізілген кең көлемдегі зерттеулер мен 1989 жылғы қазан айында Алматыда өткен Кеңес-Француз симпозиумы қаланың отырықшы мәдениеті мен көшпелілер мәдениетінің қоғамдық жүйесіндегі өзара байланыстарының археологиялық және теориялық мәселелерін Еурозиялық мәдениет тарихы мен Жібек жолы мәселесіне байланысты негіздеді. Нәтижесінде олар көрнекті археологиялық ескерткіштерге айналып, Оңтүстік Қазақстан мәдениетін жан-жақты қамтитын сенімді де сапалы ақпараттық мәліметтермен толықты.

Алайда, деректер біріңғай жиналмаған, зерттеулерден тыс қалған бұларға жалғас жатқан аудандар бар. Олардың қатарына Еуропа мен Қазақстанды, Хорезм мен Түркістан өлкесін мәдени-экономикалық байланыстырушы Ұлы Жібек жолында орналасқан Арал өңірінің ертедегі қалалары жатады[3.7].

Ассириялықтардың, парсылардың, гректердің, римдіктердің, қытайлықтардың жазба деректері қазақ халқының тарихын зерттеп, зерделеуге өлшеусіз үлес қосып отыр. Б.з.д. ҮІІІ-ІҮ ғасырлардағы жазба деректерде Арал-Каспий және Сырдария аймақтарын алғаш мекендеген массагеттер, савроматтар туралы мәліметтер бар. Сырдария бойында өмір сүрген дайлар бірнеше туыстас ру, тайпалық топтарға- апарналарға, ксанфеийлерге және писсурларға бөлінгенін көреміз[2.39].

Тас қорғандардың үшінші түріне кромлендер жатады. Олар қазақтың киіз үйіне ұқсас, бірақ көлемі одан 1,5 есе үлкен, төбесі сүйір, сопақ тас. Архитектурасы әсем, келісті. Граниттен соғылған қамал, сыртында бедерлері бар.

Мыс дәуірінде адам баласы тас қашап, мыс қорыта білген. Сол негізде қолөнері, мал бағу, егіншілік кәсібі туып, еңбек бөлінеді. Соқа, балта, мыстан жасалған өзге де құралдар көбейеді.

Арал өңірінің шығыс аймағы – Қызылорда облысының территориясы Қазақстан Республикасының оңтүстігін Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысын алып жатыр. Бұған Тұран ойпатының көп жері енеді.

Қола мәдениеті – ертедегі ел тарихының бірден-бір жарқын беттерінің бірі. Бұл ғасырда өндіргіш күштердің дамуы- көшпелі мал шаруашылығы салаларының алғышарттарын дайындады. Сөйтіп, үш мыңдаған жылдар өткеннен кейін әр түрлі тайпалардың араласуы нәтижесінде қазір антропологиялық қазақ халқының қалыптасуына негіз болды. Мұндай ескерткіштер Арал өңірінде де көп. Соңғы жылдардағы тарихшы, шығыстанушы және археологтардың зерттеулерінің нәтижесінде еліміздегі ескерткіштер айқындалуда.

Арал ауданының жерінде 30 -дай қола ескерткіштері бар. Олардың бесеуі археологиялық зерттеу мерзімді ерекшеленіп анықталған.

Арал өңірінің ескерткіштері жайлы алғашқы мәліметті орыс деректерінде XYII-XYIII ғасырларда жарық көрген "Үлкен сызба кітабы" мен Семей Ремезов құрастырған "Сібірдің сызба кітабы" еңбектерінде береді[4.3].

М.А.Итина Тазабагьяб мәдениетін зерттеу арқылы орналасуын стратегрфаясын, мәдени жағдайын, кирамикасын сипаттайды. Сонымен бірге С. П. Толстов өз еңбектерінде Арал өңірінде орналасқан қола ғасыры ескерткіштерінің тарихы, мәдени жағдайларын және Қазақстан территориясында орналасқан қола ғасыры мәдениеттеріне ұқсастығын айтады. Мысалы, Кельтеминар, Бейғазы-Дәндібай, т.б.

Қола ғасыры кезінде Оңтүстік Арал өңірінде көптеген өзгерімтер болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың басында Амударияның негізгі су массасы алдымен Ақшадарияға, содан кейін Аралдың солтүстік арнасына құйған. Осы жерде қола ғасырына жататын Жамбас 4 қонысы бар. Ол б.з.д. XYI-XY ғасырлар деп мерзімделеді.

Жергілікті ерте қола ғасыры мәдениеті-суярған кельтеминар мәдениетінен бастау алса керек. Бұдан б.з.д. II мыңжылдықтың ортасына жататын Жамбас 6 сияқты мәдениеттердің болғандығымен білеміз.

Тазабагьяб тұрағының негізгі массасы Ақшадария арнасынан табылды. Тазабагьяб мәдениетіне жататын Ангка-5 және Кават-3 екі тұрақ ашылды. Сонымен бірге қола ғасырына жататын Кокча-1, Кокча-2 және Әміребад мәдениетінің тұрағы Якке-Парсан-2 табылды. Олар Арал өңірінің Қарақалпақ бөлігі жағында орналасқан. Керамикалары бедерленген. Көлбеу және толқындалған үзік сызықтар, үшбұрыштар, сатылы шырша тәрізді берлермен өрнектелетін болған. Ал егер керамика бейнелеріне келсек Асханалық, шаруашылық т.б. болып бөлінген.

Б.з.д. II мыңжылдықтың аяғы, I мыңжылдықтың бас кезінде жер шаруашылығының дамуы жүреді, ал металлургия, қола және мыстың ролі жоғарылайды. Оңтүстік және Солтүстік арналарында көптеген тұрақтар осы керамикаларына ұқсас, тар мойынды ыдыстар.

Аралдың оңтүстік өңірімен б.з.д. II мыңжылдықтың екінші жартысында өзара жақындасу Шығысқа таман емес, тек қана Іңкәрдария мен Ақшадария арналары өңірінде болды. Б.з.д. I мыңжылдықтың бас кезінде Хорезмдік Әміребад керамикасы бүкіл Іңкәрдария бойында дерлік ұшырасады және Солтүстік Түгіскен кешендерінде көрнекті орын алады [5.18].

ҮІІІ ғасырдың ортасында отыз тайпалары Жетісу жерінен Сырдарияның орта және төменгі ағысына қоныс аударған және оған таяу Батыс Қазақстан жерінде ІХ-ХІ ғасырлар аралығында өмір сүрген. Сол сияқты олардың бір бөлігі Қаратау бөктерін мекен еткен. Олар Кенгар пегекектің бірлестігімен ұзақ жылдар (ІХ-ХІғғ) бойы соғысын, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді басып алады. Бұл соғыстар оғыз тайпаларының саяси жағынан топтасып қалыптасуына жағдай жасайды. Оғыз тайпалары ІХ-ХІ ғасырларда Батыс Қазақстан мен Сыр бойына мекен етті. Бұл өңір сол тұста Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты сауда саттығы өркендеген қалаларымен белгілі болған. Ол дәуірдегі оғыздар астанасы сыр бойындағы Жанкент шаһары. Оғыздардың Жент, Жанкент, Қора қалалары, қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһары қазақ елімен мәдениетінің қалыптасуына, өсіп-өнуіне, дамуына негіз болды[2.398].

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихын жүйелеу әр түрлі пікірталастар бар. Қазақстан зертеушілері Кеңес дәуірі жылдарында бұрынғы марксизм-ленинизм қағидаларының ізденістерінде ілгерілеушілік байқалады. Олардың зерттеулеріне жан-жақты салалық-антропологтар, этнографтар және археологтардың біріккен зерделеушілігі талап етілді. Мәселені тікелей шешуге белгілі ғалымдар: М.С.Андреев, Б.Г.Гафуров, Я.Г.гулямов, Г.Ф.Дебец, И.М.Дьяконов, М.Е.Массон, В.Г.Машков, А.А.Семенов, С.П.Талстов, А.Ю.Якубовский т.б. басшылық жасады. Сөйтіп Ресей бодандығына дейінігі тарихи кезеңдерді беске бөледі.

1.Тас ғасыры; қола және ерте темір ғасырлары. Б.э.д 1 мың жылдықтың үштен бірлігімен аяқталады.

ІІ.Б.э.д. ҮІІғ; б.э.д. ҮІ ғ. Ол үш кезеңге:

1.ҮІІ-ІҮ ғасырлар б.э.д. (Ахеменидтік).

2.Б.э.д. ІІІ ғ; б.э.д. ІІІ ғ. (Күшандық).

  1. ІҮ-ҮІ ғасырлар (Эфталиттік).

ІІІ. ҮІ-ХІІ ғасырлар. Бұл дәуір төмендегідей кезеңдерге ажыратылады:

1.ҮІ-ҮІІ ғасырлар (Түркілік).

2.ҮІІ-ІХ ғасырлар (Арабтардан кейінгі).

3.Х-ХІІ ғасырлыр (Манғұлдарға дейінгі).

ІҮ. ХІІІ-ХҮ ғасырлар (Манғұлдық).

Ү. ХҮІ-ХІХ ғасырлар (Өзбектік) – деп тұжырымдайды.

Осылай билік еткен үстем елдің атына қарай саяси тарихын да икемдейді. Бірақ бұл пікір нақты тарихи жүйе ретінде қабылданбаған [3.18].

Атақты ғалым Жамал Қаршидың жазуынша, оғыздар Сыр бойынан теп тегіс жөңкіле көшпеген, олардың егіншілері, жатақтары, кейбір тайпалары моңғол дәуірінің өзінде Сыр бойын қоныстанып отырған. Олар ғасырлар бойы осы араны мекендеп, бері келе кейбір тайпалары қазақ құрамына қосылады. Бұған Қорқыт, Көрғұлы, Жиренше шешен, Алдар көсе сияқты оғыз, қыпшақ заманында шығып, Сыр бойы кең тараған аңыздардың қазақ халқының ортасында ғасырлар бойы тұтастай, әдемі сақталып келуі дәлел. Оғыз бен қыпшақтардың қазақ халқының мәдени, рухани игілігіне негіз болған мұралары орасан көп, ол мұраны сипаттайтын белгілері қазақ жерінде осы күнге дейін аз емес. Ежелгі оғыз-қыпшақ тайпаларының сақталған аттары бұлардың атымен байланысты географиялық топонимдер, сол заманнан келе жатқан тарихи дәстүрлер, аңыз, хикаялар мол.

Оғыз дәуірінен қалған белгілердің аса күрделі бір түрі – Сырдария бойындағы ескі қалалар, күмбездер, мұнаралар, кернейшелер, не олардың қирап жатқан орындары. Оғыздар бір заманда Сырдария мен Торғай өлкесінің арасында көшіп жүрген ел болғандықтан, олардан қалған жәдігерлер бұл өңірде жиі кездесіп отырады.

Оғыздардың Сырдария жағасындағы ең атақты қалалары Янгикент (Жанкент), Жент, Үзкент (Өзгент), Баршынкент (Қышқала) [6.98].

ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан орта қаланың аумағы 20 га немесе 200 000 шаршы м. Оның төрттен бірі қоғамдық үйлер, алаңдар, көшелер үлесіне тиіп, ол қалған 15000 шаршы м-ге 100 тұрғын көше-аулалар сыйған. Осыған сәйкес ерте орта ғасырлық қалаларды төмендегідей жіктейді:

Ертедегі қалалар

Жалпы ауданы

Мерзімі (ғ.ғ)

Жалпы аумағы (га)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сауран

Сығанақ

Женд

Баршынкент

Аққорған

Қырөзкент

Жанкент

Асанас

Құмқала ІІ

Сауран

Сунақата

Жаңа-қала

Қыз қала

Қышқала

Аққорған

Үзгент

Янгикент

Ашнас,Эшнас

Құмқала

ХҮІ-ХҮІІ

ХҮІ-ХҮІІІ

ХҮІ-ХҮІ

ХҮІ-ХҮІ

ХҮІ-ХҮІІІ

ХҮІ-ХҮІІІ

ХҮІ-ХҮІ

ХҮІ-ХҮІ

ХҮІ-ХҮІ

44

20

40

40

8

9

9

9

8

Археологиялық зерттеу дәстүрімен, К.М.Байпақовтың талдауынша, оңай екі топқа бөле салуға да болады [7.36].

Орта ғасыр дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстанның ең ірі қаласы аталмыш Испиджаб-Сайрамнан шығатын жол торабы –Арыс пен Сырдарияның қиылысындағы Отырарға келеді. Одан әрі зерттеушілеріміздің: «Арысты өрлей Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыс Түркістанға, Сырдарияны өрлей Шаш, Соғды арқылы жалғасып, төмен кететін жол Арал аймағына, одан әрі Оралға шығады, ал Қызылқұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңіз бен Кавказға апарады» - деп көрсеткен жол сілтемелеріне айқындылық енгізілуі қажет.

Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы бағытта оң және сол жағалық, немесе қыр мен сырға қарай жол тартады. «Қырда бір бәле, Сырда қырық бәле» дегендей Қорқыт атаға қарай жетелейтін дол бір қарағанда өте ыңғайлы сияқты. Өйткені жазықтық, табандық жайылма суларды орай тегістікпен кетеді.

Осы тұста Жібек жолы ІХ-ХІІ ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты өзіндік қосымша даму бастауын алғандығын айта кеткен жөн. Сондықтан А.Мецтің: «Бай саудагерлер мұсылмен мәдениетін жеткізуші.... қомақты күш- жігерін базарлар мен кеңселерге аударды», - деген ескертпесі кейінгі орта ғасырларда да ойға оралады [3.125].

Сонымен материалдық мәдениеттердің ой тұжырымы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалардың тіршілігі монғол шапқыншылығынан кейін толастаған деген пікірді теріске шығарады. Оны зерттеп тануда қазіргі, болашақтағы терең әдістемелік және қазба жұмыстары саласындағы ақпараттық, деректік қорды негіздеп, тұрғындардың ұлттық тарихи танымын қалыптастырады.

Туған жеріміздің тарихын, оның өткені мен бүгінін жан-жақты зерттеу, туған елінің жарқын келешегіне сену, жас ұрпақты аға буын ұрпақтың жарқын істерімен таныстыру, мәдени және тарихи мұраларымызды игеру бүгінгі күннің талабы. Жер бетіне көрік берген Арал тарихта өте ерте кезден белгілі болған.

Әдебиеттер

 

  1. Маргулан А.Х. «Памятники исскуства Казахстана».Алматы,1971ж

2.«Евразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал –Сырдария Өңірінің орны». Алматы, 2009 ж, 426 б

3.Т.Мәмиев. «Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХІІІ-ХҮІІІ ғ.ғ)». Алматы, 2001 ж,

  1. Т.Мәмиев. «Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХІІІ-ХҮІІІ ғ.ғ)». Қызылорда 2007 ж,
  2. Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы».Алматы.«Жалын»,1994ж
  3. К.Аманжолов,К.Рахметов.«Түрік халықтарының тарихы».Алматы, 1996ж
  4. К.М.Байпаков «По следам древних городов Казахстана». Алматы 1990г, 300с

    

                                                              

 

Тіркеу формасы

әйел.

1.                  Ч

Фамилия

Асанбаева

2.                   

Аты

Акерке

3.                   

Әкесінің аты

Жаксыбаевна

4.                   

Ғылыми лауазымы, қызметі.

Оқытушыcы,тарих магистрі

5.                   

Ұйымның, ғылыми мекеменің атауы, жоғары оқу орны және т.б., мекен-жайы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

6.                   

Автордың мекен-жайы

(Индекс көрсету міндетті)

Қызылода облыс М/к Мерей 3/17

7.                   

E-mail

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

8.                   

Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)

87078375011

9.                   

Баяндаманың атауы

Арал маңындағы мәдени және тарихи ескерткіштердің зерттелуі

10.               

Бөлім

 

11.               

Қажетті техникалық құралдар

-

12.               

Қонақ үйден орын алу-алмау қажеттілігі (ия-жоқ)

-

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg