Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде, дәріс беру тиімділігін арттыру мақсатында түрлі технологиялар қолданылады. Бүгінгі таңда заманауи оқыту технологияларының қатарында PBL оқыту технологясы, СLIL және т.б. Нақты мақалада бүгінгі таңда өз тиімділігін дәлелдеген технологиялардың бірі «өндірістік жағдайды модельдеу» әдісіне тоқталып өтпекпін.

Модель (Model, simulator) – 1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процесстің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процесстер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мыс., процессордың жұмыс істеуін модельдейтін порграмма немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап – оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.

Модельдеу (моделирование; simulation) – кез-келген құбылыстардың, процесстердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделбдеріне) объекілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Модель төрт деңгейде түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: 1-элементтер деңгейінде, 2-құрылым деңгейінде, 3-қалып-күй немесе қызметтік деңгейінде, 4-нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық модельдеу объектінңі геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:

  • Материалдық заттарды бейнелеу;
  • Белгілі фактілерді түсіндіру;
  • Болжамдар құру;
  • Зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
  • Болжау;
  • Басқару және т.с.с.

Сурет 1. Ақпаратты талдау нәтижесінде өндірістік жағдайды модельдеу сатысы

Модельдеу ғылымы келесі принциптерге сүйенеді:

  • Редукционизм принципі – күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі;
  • Эволюция принципі – барлық формалар біртіндеп төменгі формалардан дамиды. Төменгі формалар күйін талдау арқылы жоғарғы формалар күйін болжауға болады;
  • Рационалдық принципі - әлемнің нақты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен тануға болады.

Модельдеу мақсаты анықталған соң, модельдеу мақсаты тұрғысынан модельдеуші объектінің нақты белгілерін айқындау қажет.

Бұл белгілердің:

  • Объектінің сыртқы түріне;
  • Объектінің құрылымына;
  • Объектінің күйіне

қатысы болуы мүмкін.

Нақты технология артықшылығы:

- ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамытады;

- білім алушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;

- таңдау мүмкіндігін арттырады;

- құбылысты (процесті) шынайы өмірмен байланыстыру мүмкіндігін арттырады.

Өндірістік жағдайды модельдеу үшін ақпараттың маңыздылығы зор. Себебі, модельдеу ақпаратты талдау нәтижесінде жүргізіледі. Ақпараттың барлық түрлері қолданылады, мысалы БАҚ беттеріндегі бәсекелестер туралы мақала, нарық жағдайы туралы болжамдар және т.с.с. Олардың ішінде негізгісі кәсіпорынның қаржылық есеп беру ақпараттары. Өздеріңізге белгілі, қаржылық есеп беру түрлеріне жатады:

- бухгалтерлік баланс және бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазба;

- кіріс және шығыс есеп берулері;

- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

- капитал қозғалысы туралы есеп;

- еңбек бойынша есеп (нақты есептілік статистикалық есеп беруге жатады).

Жоғарыда аталған ақпараттар аналитикалық талдау жүргізу негізі болып табылады. Ақпараттарды өңдеу негізінде зерттеу объектісінің қаржы-шаруашылық іс-әрекетіндегі нақты жағдайы анықталады. Сонымен қатар, талдау нәтижесі автоматты түрде SWOT талдау нәтижесін көрсетеді. Талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша өндірістік жағдайдың болашақ модельі құрылады, яғни болашақ даму барысы.

Мен, педагогикалық өтілімнің нәтижесінде қалалық және облыстық кәсіпорындардың қаржылық есеп берулері қорын жинақтадым және ол жылда өндірістік тәжірибе нәтижесінде толықтырылуда. Нақты ақпарат қоры дәріс барысында талдау жұмыстарына қолданылады. Нәтижесінде білім алушыларға шынайы ақпаратпен жұмыс істеу, нарықты зерттеу, нақты кәсіпорынның өндірістік даму жағдайын модельдеу мүмкіндігі туады.

Талдау жұмыстарының нәтижесінде  білім алушы аналитикалық ойлау, тұжырымдау және қорытындыға келеді.

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg