Международный секретариат G-Global г.Астана, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Рентген сәулесін (X-ray) пайдалану арқылы қатты дененің атомдық құрылымы, химиялық байланыстардың электрондық құрылымы және элементтік құрамы жайындағы маңызды ақпаратты алуға болады. Осы тұрғысынан материяны рентген сәулелері арқылы зерттеу – бүгінгі ғылым мен технологиядағы ең қолайлы әрі жан-жақты пайдалануға болатын техникалық құрал, әдіске айналып отыр.

Рентген сәулеcін химиялық зерттеулерге қолдануға болатындығын алғаш С.Г.Баркла (Barkla) және Х.Г. Мозли (Moseley) секілді физик ғалымдар болжап айтқан. 1911 жылы С.Г. Баркла кез келген зат құрамындағы  элементтерге тиесілі өзіндік эмиссиялық спектр шашылатындығын зерттеп білген болса, 1913 жылы Х.Г.Мозли элементтің атомдық нөмірі мен рентген сәулесі жиілігі арасында нақты байланыстың барлығын зерттеп анықтады.

Рентген флуоресценциялық зерттеу (РФЗ) әдісі өте сезгіш, әрі затты бүлдірмей зерттейтін амал болғандықтан оны кез келген жағдайда да қолдануға болады. Сондықтан 1950-ші жылдардан бастап РФЗ әдісіне негізделген коммерциялық тұрғыдағы құрал-аспаптар көптеп өндіріле бастады. Алғашында зерттеушілер бұл әдісті тек элементтік зерттеуге ғана қолданған болатын.

Элементтік зерттеу техникасы ретінде РФЗ әдісінің басқадай аналитикалық әдіс амалдардан көп артықшылықтары бар. Бүгінгі күні бұл әдіс аналитикалық химияда жақсы жолға қойылған. Рентген флуоресцсенция әдісі Менделеевтің периодтық таблицасындағы барлық элементтерге жуығын (Z > 11) қамти алады деуге келеді. РФЗ – көп элементтік зерттеу техникасы ретінде белгісіз заттың сынамасындағы барлық элементтердің құрылымы және құрамдары жайында бір жолда өзінің спектрі арқылы нақты, сенімді ақпарат бере алады.

Зерттелетін сынамалар түрлі жағдайда яғни қатты, сұйық, ұнтақ түрінде тіптен саз балшық күйінде де бола береді. Сондай–ақ зерттелетін сынамалар масс спектрометрі, атом абсорбциялық спектрометрі секілді басқа аналитикалық әдістердегідей, алдын-ала арнайы химиялық дайындаудан өтпей- ақ сынаманың сыртқы түрі, көлеміне қарамай зерттеле береді.  Бұл РФЗ әдісінің ядролық физиканың басқа әдістеріне қарағанда бір артықшылығы.

 Сондай-ақ бұл әдіс элемент құрамын  100% тен 10-6 % (яғни 1 ppm – айтылуы «пи пи ем») аралығындағы кең диапозондық ауқымда анықтай алады. Осындай артықшылықтары арқасында РФЗ әдісі аналитикалық химия саласында жан жақты әрі ең тиімді сөйте тұра қолдануға өте ыңғайлы әрі арзан әрі дәл зерттейтін техникаға айналып отыр.

Соңғы жылдары РФЗ техникасын көмір өндірісінде кеңінен пайдалану және оны ары қарай дамыту мәселелері күн тәртібіне қойылып, бұл жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізіле бастады. Мамандар көмірді тек бүгінгі күннің ғана емес алдағы болашақтың да бірден бір энергия көзі ретінде  көріп отыр. Бүгінде көмір қазба байлығын әлемнің кез келген елінен табуға болады.  Алайда Қытай, АҚШ және Ресей үшеуі осыған дейін бізге мәлім болған барлық көмір байлығының үштен екісін иемденеді екен. Мамандардың есебі бойынша, қазіргі бар көмірдің қоры бүгінгі тұтыну қажеттілігі тұрғысынан алып қарағанда 200 жылдан артық уақытқа жететін көрінеді. Алайда геолог мамандар жер астында қазірге дейін белгілі болған көмір ресурсынан 15 есеге таяу көп  көмір байлығы бар деген болжам айтуда.

АҚШ ғалымдары әлемдегі қазіргі бар көмір қоры 2300 миллиард тонна шамасында деген мәлімет таратады. Ең көп көмір қоры АҚШ-та 753 миллиард тонна, одан кейін Ресейде 600 миллиард тоннадай ал көмір қоры жағынан үшінші орындағы Қытайда 506 миллиард тонна көмір қоры бар.

      Көмір энергияның ең маңызды көзі болып есептеледі. Көмірдің сапалылығы оның құрамындағы элементтерге тікелей байланысты. Көмірді жаққан кезде құрамындағы кейбір элементтер қоршаған ортаға, айналамыздағы экологияға өзінің зиянды әсерін тигізеді. Ал көмірдің күліндегі қайсыбір элементтер экономикалық тұрғыдан қызықты әрі пайдалы болып келеді.

Соңғы жылдары ядролық физиканың рентген флуоресценция (X-ray fluorescence), гамма сәулесі (γ-ray) және нейтрондық әрекеттесу техникалары арқылы көмірдің элементтік құрамын зерттеу жұмыстары әлемнің көптеген елдерінде іске аса бастады. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көмірдің элементтік құрамын анықтау арқылы оның сапасын жер қабатында, оны өндіру кезінде, дайындау, тасымалдау және жағу кезеңдерінде алдын-ала бірден бағалауға болатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Сондай-ақ қазіргі заманғы, көмірдегі элементті сезгіштік және элементтерді бір-бірінен ажыратқыштық қасиеттері жоғары рентген анализаторларының көмегімен көмірдің күлі, ылғалдығы, калориялық мәнін және көмір құрамындағы күкірт, мьшяк, темір және басқадай микро элементтерді бірден он-лайн процессі арқылы жылдам анықтау мүмкін болып отыр.

Рентген флуоресценция әдісін қолданудағы соңғы жетістіктер көмір құрамындағы көп элементтерді бір жолда, бірден зерттеуге болатындығы, сол арқылы көмірді топтастыруға (classification) апаратын экономикалық аса маңызды параметрлерді анықтауға мүмкіндік беретін әдіс екендігін көрсетіп берді. Әлемнің көптеген елдеріндегідей Қазақстанда көмір ең басты, ең негізгі энергия көзі болып есептеледі.

Ал кейбір мәліметтер бойынша  Қазақстандағы көмірдің қоры шамасы 35 миллиард тоннадай.  Көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орында және жер асты қойнауында жалпы әлемдік көмір қоры көлемінің 4% бар. Өнеркәсіп үшін аса бағалы энергетикалық және коксталған көмір 16 кен орындарында топталған. Қазақстан Республикасы әлем нарығында ірі көмір өндіруші он елдің ішіне кіреді, ал ТМД елдері ішінде қор бойынша үшінші орында және жан басына көмір өндіру бойынша – бірінші орында тұр. Қазақстанда аса ірі көмір шахталары Қарағанды көмір алабында және Екібастұз көмір алабында орналасқан.

Қазақстандағы ірі көмір өндірушілер, Павлодар облысының кәсіпорындары:  ТОО «Богатырь Көмір» (жалпы республикалық өндірілімнің 42,8%), «Евразиялық энергетикалық корпорациясы» ААҚ «Восточный» қиығы (20,7%), «Майкубен» ЖАҚ (3,3%, соның ішінде 96,6% жалпы республикалық сұр тас көмір өндірілімі) және Қарағанды облыстарының кәсіпорындары: «Миттал Стил Темиртау» ААҚ Көмір департаменті (12,3%) және «Қазақмыс» корпорациясының «Бөрлі» Көмір департаменті (8,7%). Оларға республикадағы көмір өндірілімінің 87,7% келеді.

Көмір саласын дамыту стратегиясына сәйкес Қазақстанда 2003 жылы  85 млн. тонна,  2006 жылы – 96 млн. тонна,  2010 жылы 101 млн. тонна көмір өндірілген. Көмір экспорттаудың жалпы көлемі 22-27 млн. тонна деңгейінде. Негізгі импортер Ресей Федерациясы болып табылады. Соңғы жылдары шет елдерге көмір өнімін жеткізу географиясы айтарлықтай кеңейді – Қазақстан көмірін тұтынушылар қатарына Румыния, Чехия, Польша, Эстония, Түркия, Украина кірді. Қазақстанның көмір саласының өндірістік потенциалын ескере отырып, республиканың таяу жылдары көмірді шет елдерге жеткізуді 30-35 млн. тоннаға дейін өсіру мүмкіндігі бар. Алайда Қазақстандағы осы көмір кеніштерінің ерекшеліктері, ондағы көмірдің толық элементтік құрамын ядролық физика әдістері соның ішінде РФЗ әдісімен зерттеу жұмысы соның негізінде көмірдің сапалылығын, экономикалық пайдалылығын жылдам анықтау, бағалау жұмыстары әлі жақсы жүрілмеген күйде қалып келді. Сондықтан бүгінгі күні энергияның негізгі көзі болып отырған көмірдің химиялық құрамын алдын-ала жылдам әрі үлкен дәлдікпен зерттеу экономикалық тұрғыдан болсын экологиялық тұрғыдан болсын күн тәртібіндегі басты мәселеге айналып отыр.

Партнеры G Global

  • 001_3.jpg
  • 002.jpg
  • 002.png
  • 004.jpg
  • 004_2.jpg
  • 009.png
  • 15.png
  • ASEF_HORIZONTAL_5C_PNG.png
  • Bloomberg_logosvg.png
  • IOFS_logo.png
  • Logo.png
  • Offizielles_Logo_des_Europischen_Forum_Alpbach.png
  • Silok.png
  • Без названия.jpg