Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

ШОЛПАНБАЕВА К.Ж ДОМОЛАТОВ Е.Б. КАИПОВА Г.С.

С.Аманжолов ат.Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ, Қазақстан Республикасы

АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ АУДИТІ

Ақша қаражаты жедел жайылатын активтерге жатады және касса мен банк шоттарында жатқан қолма қол ақша қаражаттары болып табылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы аудиттің 6-шы суретте көрсетілген процедураларынан тұрады.

Ақша қаражаттарының ұрлану мүмкіндігі үлкен болғандықтан, көбінесе 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоттары мәні бойынша тексерілетін категорияға жатады. Мәні бойынша тексеру процедуралары 500 ХАС-қа сәйкес бұл қаржылық есептің мәнді бұрмаланғандығы жөніндегі аудиторлық дәлелдерді алу үшін өткізілетін тексеріс. Бұл процедуралар бірыңғай операциялар тестінен, шотттарлың сальдосымен талдамалық процедураларынан тұрады.

Ақша қаражаттары операцияларын жүргізу заңнамалық, жалпымемлекеттік, ведомстволық және басқа нормативтік актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген.

Жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Функционалдық аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқаруды, бағалы қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассациямен төлемді тездету, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәселесін және тағы басқа ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақыттылы қолдану нақты ақшамен бағалы қағаздарды шапшаң әрі ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі қолма қол ақшамен (еңбекақы бергенде, өндірістік шығындарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т.б.) жасалатын операциялар  міндетті тұтастай тексеруді талап етеді

Ақша қаражаттарының аудиторлық тексеру бағдарламасы

Іс тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша кассалық банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері үдерісіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:

  • Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражатты тікелей ұрлау;
  • Банктен, әр түрлі тұлғалар мен ұйымдардан кіріс ордерлері бойынша басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену;
  • Кассадағы ақшаны есептен шығару,бір құжатты қайтадан пайдалану, кассалық құжаттар мен есептердегі жиынтықты дұрыс есептемеу;
  • Ақшаның жалған құжаттар бойынша негізгі есептен шығару сомасын көбейту, заңды ресімделген құжаттардағы жалғандық;
  • Әр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негізсіз иелену;
  • Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы кассалық ақпараттарды қолданбай жұмыс орындау мен қызмет көрсету және т.с.с.

  Мұндай бұрмалаулар мен теріс пайдаланулар кассирді дұрыс іріктемеу, (тәжірибесіз және сенімсіз), кассаны жүйелі тексермеу, ішкі бақылаудың нашарлығы және т.с.с. салдарынан болады.

Ақша қаражаттары аудитінің күрделі учаскелерінің бірі касалық операцияларды тексеру. Ең алдымен кассадағы кассалық операцияларды кім және қалай атқаратынын білу керек. Тексерудің қорытындыларды аудитор, бас бухгалтер және кассир қол қоятын акті жасаумен ресімделеді. Ақшалай қаражаттың немесе ақшалай құжаттың  және басқа құндылықтардың  артық шығуы немесе кем шығуы анықталған жағдайда касссирден жазбаша түсініктеме алу керек. Ақшалай қаражаттың көп жетпеуі табылғанда, аудитор кәсіпорын басшысына кассирді тексеру анықталғанша қызметінен шектеу туралы мәселе қояды.

2.Ақша қаражаттарының есебі аудитінің мақсаты мен міндеті.

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элеменнтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысыын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бүрмалаулар жасырынған.

Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы ммлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістері арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалдық аудитінінің ерекшетәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.[1]

Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мынларды анықтайды:

  • касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  • бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
    касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дүрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
  • Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  • Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  • Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қлдау жолға қалай қойылған?

Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі – қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар – міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану – касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.Іс-тәжірибеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:Рәсімделген құжаттармен және қолхаттармен жасырылған және ештеңемен жасырылмаған ақшалай қаражаты тікелей ұрлау.Банктен, әртүрлі тұлғалар мен ұйымдардан кірістік ордерлер бойынша, басқа ұйымдардан сенімхат бойынша түскен ақшаны кіріске алмау және иемдену.Кассадағы ақшаны есептен шығару; бір құжатты қайтадан пайдалану; кассалық құжаттар мен есептерде жиынтықты дұрыс есептемеу.Ақшаны жалған құжаттар бойынша негіссіз есептен шығару сомасын көбейтіп, заңды рәсімделген құжаттардағы жалғандықӘр түрлі тұлғалар мен ұйымдарға заңды есептелген соманы сіңіріп кету, соның ішінде еңбекақыны, депонентті соманы негіссіз иелену.Контрагенттермен дайын өнім, тауар үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысу, бақылаушы-кассалық ақпараттарды қолданбай, жұмыс орындау мен қызмет көрсету.Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыру қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін, құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру керек. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады:Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру. [2]Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінеде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшысының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай; тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқарады ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады.Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген, бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедураның дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы құн бойынша ескеріледі.Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Қортыңдай кельсек ақшалай құжаттардың түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен рәсімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелері болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгіленген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер рәсімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық кассалық құжаттар ретінде актіге жазылады. [3]

Қортынды.

Қортындылай келгенде, ақша қаражаттарына және өтімді активтерге жасалынатын қатаң бақылау жүйесі – ақпарат тұтынушылар экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланатын қаржылық қорытынды есепте бейнеленген мәліметтердің шынайлылығын қамтамасыз ететілентіндігін көреміз. Ақша қаражаттарын қорғау көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ақшаны жасырып алып кету оңай, сондай-ақ олардың меншіктік таңбалары болмайды және конвертацияланушылық қасиеті бар.Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістері арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз.Ақша қаражаттарының аудиті банктік операциялардың тексерісіне үлкен көңіл аударады. Сондықтан, аудиторлық тексерістің бұл сатысы банктегі ақша қаражаттарының шотындағы операциялардың заңдылығын тексереді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ажибаева.З.Н «Аудит»2016 жыл, 154 бет.
  2. М.Байдаулетов С.М.Байдаулетов «Аудит Қазақ Университеті» 2018 жыл, 56 бет.
  3. Д.О.Абленов «Аудит негіздері» 2018 жыл, 77 бет.

Партнеры G Global