Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

АПЫШЕВА А.А., ДОМАЛАТОВ Е.Б., КОНБАЕВА К.Т.

Восточно-Казахстанский государственный университет им. С.Аманжолова

г. Усть-Каменогорск, Республика Казахстан

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС, ОНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

«Баланс» термині латын сөздерінен «bis» - 2 рет және «lans» - таразы табағы  дегенді білдіреді, яғни тепе-теңдік мағынасын білдіреді.

Бухгалтерлік баланс – шаруашылық құралдары мен олардың көздарін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырады.

Бухгалтерлік есеп стандартына сай, бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктерді қарастырады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді  кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды.[1]

Ал баланстың пассивінде кәсіпорынның қорлану көздері ретінде ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капиталдеп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капиталдегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредиторлық берешек болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымның активтерін сату арқылы қарыздарын қайтарып алуға талап ете алады.Кәсіпорынның меншікті капиталы инвестордың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы үлесі қалдық сомаға тең болады. Осы айтылғандарды қорытындылай келе ұйымның барлық активтері, инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз, яғни кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең.

Актив = Меншікті капитал + Міндеттемелер

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:

         Актив – Міндеттеме = Меншікті капитал

Активкәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болған, алдағы уақыттарда экономикалық пайда табу үшін пайдаланатын ресурстары, яғни кәсіпорынның қолда бар барлық мүліктері.

Міндеттемекәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болған, басқа заңды және жеке тұлғалар алдындағы өтелуге тиісті берешек қарызы, яғни кәсіпорынның басқаларға қарызы.

Меншікті капитал кәсіпорынның активтерінен барлық міндеттемелерін шегеріп тастағандағы бөлігі. [2]

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалынады.

Осыған орай, баланстың активі мен пассивінің жекелеген көрсеткіштері баланс бабын құрайды.

          Баланс бабышаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары жазылады.

Бухгалтерлік есептің №2 стандарты бойынша барлық субьектілерге бірыңғай бекітілген формасы бойынша, актив екі  бөлімнен, пассив үш бөлімнен тұрады.

Активтер екі бөлімнен тұрады:[3]

  • Ұзақ мерзімді активтер;
  • Ағымдығы активтер(Қысқа мерзімдегі активтер);

Ұзақ мерзімді активтерге:

  • Негізгі құралдар;
  • Материалдық емес активтер;
  • Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
  • Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек(қарыздар)
  • Кейінге қалдырылған салықтық активтер;
  • Биологиялық активтер;
  • Барлау және бағалау активтер;
  • Инвестициялық жылжымайтын мүлік;
  • Өзге де ұзақ мерзімді активтер:

Қысқы мерзімді активтер:

  • Қорлар;
  • Қысқа мерзімді инвестициялар;
  • Қысқа мерзімдегі дебиторлық берешек(қарыздар)
  • Ағымдағы салықтық активтер;
  • Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;
  • Қысқа мерзімдегі активтерінің жиыны;
  • Ақша қаражаты және оның эквиваленті,
  • Өзге де қысқа мерзімдегі активтер:

Пассив үш бөлімнен тұрады:

  • Ұзақ мерзімді міндеттеме;
  • Ағымдағы міндеттеме(Қысқа мерзімдегі міндеттемелер);
  • Меншікті капитал:

Ұзақ мерзімді міндеттеме:

  • Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме;
  • Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
  • Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер;
  • Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны;
  • Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелері:

Ағымдағы міндеттеме(Қысқа мерзімдегі міндеттемелер):

  • Қысқа мерзімдегі қаржылық міндеттемелер;
  • Салықтар бойынша міндеттемелер;
  • Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
  • Қысқа мерзімдегі бағалау міндеттері;
  • Басқа да ерікті және міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер;
  • Қысқа мерзімді міндеттердің жиыны;
  • Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер:

Меншікті капитал:

  • Шығарылған капитал;
  • Эмиссиялық кіріс;
  • Сатып алынған үлестік аспаптар;
  • Резервтер;
  • Бөлінбеген пайда;
  • Аздық үлесі;
  • Капитал жиыны:

Бухгалтерлік баланстың айрықша ерекшелігі, олардың активі мен пассиві бірдей сомада болады. Бұл теңдіктің ерекшелігі баланстағы қаражаттың көлемі мұның активі мен пассивіндегі бірдей сомаға бір мерзімге көрсетіледі.Бухгалтерлік баланстың түрлері

Бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлері бар. Олар мынадай белгілерге жіктеледі:

1) Құрастыру уақыты бойынша;

2) Құрудың қайнар көздері бойынша;

3) Ақпарат көлеміне байланысты;

4)  Қызметтің сипатына байланысты;

5) Меншік нысандары бойынша;

6) Бейнелеу көлемі бойынша;

7) Тазарту тәсілдері бойынша:

Құрастыру уақыты бойынша - баланс түрлері мынандай болуы мүмкін: кіріспе, ағымдағы, таратылу, бөлу, қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытындылық) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есептік кезеңнің басына, ал соңғы баланс есептік кезеңнің аяғына құрылады. Осыған орай, есептік кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.[4]

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Оның соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі, екіншіден, аралық баланстар тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансыкәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның ішіндегі бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.Балансты жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөледі: инвентарлық, кітаптық, бас.Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдардың тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылуы кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік, біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі.Кітаптық баланс тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей-ақ алдын-ала түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

Ақпарат көлеміне байланысты былай бөлінеді: біртекті, жинақ, шоғырландырылған.Біртекті баланс бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Шоғырландырылған баланс – экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады. Мұны холдинг компаниялары өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.Қызметтің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы – кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған баланс.[4]

Негізгі емес қызмет балансы – кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қосалқы ауыл-шаруашылығы, көлік шаруашылығының бар болуы, осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызметтің балансы болып есептеледі. Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса, онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолымен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.

Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті, басқару, кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.Бейнелеу көлемі бойынша баланстар дербес және жеке болып бөлінеді.Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері, цехтар, филиалдар жасайды.

Тазарту тәсілі бойынша баланс-брутто және баланс-нетто болады.

Баланс-брутто–реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс (негізгі құралдардың тозуы,материалдық емес активтердің амортизациясы)

Баланс-нетто–реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтердік баланс. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есептік кезеңге қаржылық жағдайы туралы ақпараттар алудың қайнар көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның шаруашылық құралдарының құрамы мен құрылымын, айналым құралдарының икемділігі мен айналымдылығын, дебиторлық және кредиторлық қарыздарының қаржылық жағдайы мен динамикасын, қорытындылық қаржылық нәтижені білуге мүмкіндік жасайды. Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдарын басқарумен тығыз байланыстағы құрылтайшыларды, менеджерлерді және басқа да тұлғаларды кәсіпорынның жағдайымен таныстырып, меншік иесінің қарамағында не бар екені, яғни материалдық құралдардың сандық және сапалық қатынастағы қорлардың қандай екені, ол қалай пайдаланатыны және осы қорды құруға кімнің қандай үлес қосып жатқаны жайлы мәліметтер береді.

Қортындай кельсек - Бухгалтерлік баланс ақпараттардың қайнар көзі бола отырып, ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге құрылған шаруашылық құралдарының құрамы мен орналастырылуы және олардың құрылу көздері бойынша экономикалық топтастыру және жалпылама қорыту тәсілі.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

 

  • Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Оқулық – Алматы: 2015. - 255 бет
  • А. Ныйқанбаева, Л.Қуанышова «Бухгалтерлік есеп негіздері».Оқулық – Астана: Фолиант, 2017. – 160 бет
  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2017.
  • Әбдішүкіров, Р.С. Бухгалтерлік есеп. 1- кітап: оқу құралы / - Алматы: Нұр-пресс, 2018.- 326 б.

Партнеры G Global